A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтiк –экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 163 548,1 млн.теңгенi құрады, нақты көлем индексi 153,5%.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердi қалыптастыруға өңдеу өнеркәсiбi барынша әсер етедi.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (81,1%) 2020 жылғы қаңтар- желтоқсан айында 132 577,3 млн. теңге сомасына өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамыту. 2021 жылдың 1 қантары жағдайы бойынша тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2019 жылдың кезеңiне 122 бiрлiкке төмендеп, 18 964 құрады.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған кәсiпорындарында жыл басынан берi 875 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткiзу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 189 469,5 млн.теңгенi немесе өткен жылдың көрсеткiшiне 99,5% құрады.

Инвестициялық сала. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 74 978,4 млн. теңге деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексi 166,1% — ы құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2020 жылғы қаңтар- желтоқсанда 219, 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: ЖТҚ — 31,964 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 187,698 мың шаршы метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2021 жылғы 1 қантар жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 56 143,1 млн.теңге көлемiнде салықтар мен алымдар түстi немесе жоспар-болжамға 104,7%. 2019 жылғы деңгейге қарағанда түсiмдер 5 342,9 млн. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 101,8%-ға орындалды (22 338,9 млн.теңге). Жергiлiктi бюджетке 33804,2 млн. теңге түстi, бұл кезең болжамының 106,7% — ын құрайды.

Бiлiм. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi Көкшетауда 78 бiлiм беру ұйымы бар, оның iшiнде: 24 жалпы орта бiлiм беру мектебi (күндiзгi), 1 негiзгi жалпы бiлiм беру мектебi, 48 мектепке дейiнгi ұйым (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк және 1 жеке), 17 жеке меншiк балабақша), "Мейiрiм" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша бiлiм беру мекемесi ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебi" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебi" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсiпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 7 487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледi.).

Бiлiм беру процессi екi ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептерi компьютерлендiрiлген, Интернет желiсiне қол жеткiзе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк желiсi 15 мекемеден тұрады, оның iшiнде: 12 кiтапхана, 1 тiлдердi оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 2712 iс-шара өткiзiлiп, оған 1083,5 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткiзiлдi.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 315 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешенi, 5 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 жеңiл атлетика манежi, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есептi кезеңде жалпы 7,9 мың адамды қамтитын 50 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.

Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау. 2021 жылғы 1 қантар жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 367 жұмыссыз тұр, бұл 2019 жылғы көрсеткiштен 5,5 рет жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның көмегiмен 3394 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 32,8% — ға жоғары.

2021 жылғы 1 қантары жағдайы бойынша деректер базасында қаланың 56 кәсiпорны мен мекемелерiнен 316 бос жұмыс орны тiркелген. Еңбек нарығындағы шиеленiс коэффициентi 1,2 құрады.

Экономиканың түрлi салаларында 2585 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2020 жылға жоспарланған көрсеткiштiң 103,4% — ын құрайды.

"Жастар тәжiрибесi" бағдарламасы аясында 125 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде ұйымдастырылады.

Есептi кезеңде әлеуметтiк жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшiн ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткiшiнен 29,5%-ға төмен.

Қоғамдық жұмыстарға 350 адам жiберiлдi, бұл 2019 жылғы деңгейден 60,5% жоғары.

Қылмыс. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде барлығы 2 351 қылмыс тiркелдi, оның iшiнде 1209 қылмыс ашылды. Сотқа — 488 iс жолданды.

Бөлiм басшысы Г. Шұқатова

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2021 14:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2021 14:57
Қаралым саны: 2046

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»