A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2021 жылдың қаңтар-ақпаны бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтiк –экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2021 жылғы қаңтар-ақпаны бойынша өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 32 451,8 млн.теңгенi құрады, нақты көлем индексi 181,4%.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердi қалыптастыруға өңдеу өнеркәсiбi барынша әсер етедi.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (78,6%) 2021 жылдың қаңтар-ақпанында 25 497,0 млн. теңге сомасына өнiм өндiрiлдi.

Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 262,3 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 135,8% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша

жұмыс iстеп тұрған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 16 178 бiрлiктi құрады, бұл өткен жылғы көрсеткiштен 8,1% — ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған кәсiпорындарында жыл басынан берi 38 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткiзу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 22 051,9 млн.теңгенi немесе өткен жылдың көрсеткiшiне 90,6% құрады.

Инвестициялық сала. 2021 жылдың қаңтар-ақпанда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 3 605,6 млн. теңге деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексi 108,6%-ы құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 21, 150 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: ЖТҚ — 816 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 20, 334 мың шаршы метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2021 жылғы 1 наурызы жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 9616,9 млн.теңге көлемiнде салықтар мен алымдар түстi немесе жоспар-болжамға 148,1%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсiмдер 572,1 млн. теңгеге азайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 133,9%-ға орындалды (3798,3 млн.теңге). Жергiлiктi бюджетке 5818,6 млн. теңге түстi, бұл кезең болжамының 159,1%-ын құрайды.

Бiлiм. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi Көкшетауда 78 бiлiм беру ұйымы бар, оның iшiнде: 24 жалпы орта бiлiм беру мектебi (күндiзгi), 1 негiзгi жалпы бiлiм беру мектебi, 48 мектепке дейiнгi ұйым (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк және 1 жеке), 17 жеке меншiк балабақша), "Мейiрiм" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша бiлiм беру мекемесi ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебi" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебi" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсiпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 7 487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледi.).

Бiлiм беру процессi екi ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептерi компьютерлендiрiлген, Интернет желiсiне қол жеткiзе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк желiсi 15 мекемеден тұрады, оның iшiнде: 12 кiтапхана, 1 тiлдердi оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 516 iс-шара өткiзiлiп, оған 215,871 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткiзiлдi.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 315 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешенi, 5 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 жеңiл атлетика манежi, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есептi кезеңде жалпы 2718 адамды қамтитын 8 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.

Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау. 2021 жылғы 1 наурызы жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 540 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткiштен 2,0 рет жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның көмегiмен 344 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 38,2% жоғары.

2021 жылғы 1 наурызы жағдайы бойынша деректер базасында қаланың 254 кәсiпорны мен мекемелерiнен 525 бос жұмыс орны тiркелген. Еңбек нарығындағы шиеленiс коэффициентi 1,0 құрады.

Экономиканың түрлi салаларында 232 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткiштiң 9,3% — ын құрайды.

"Жастар тәжiрибесi" бағдарламасы аясында 35 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде ұйымдастырылады.

Есептi кезеңде әлеуметтiк жұмыс орындары 27 жұмыссыз үшiн ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткiшiнен 20,6%-ға төмен.

Қоғамдық жұмыстарға 76 адам жiберiлдi, бұл 2020 жылғы деңгейден 43,4% жоғары.

Қылмыс. 2020 жылдың қаңтар-ақпанында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде барлығы 550 қылмыс тiркелдi, оның iшiнде 98 қылмыс ашылды. Сотқа — 44 iс жолданды.

Бөлiм басшысы Г. Шұқатова

Мақаланың шыққан күні: 19.03.2021 17:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.03.2021 17:38
Қаралым саны: 3003

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»