A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2020 жылдың қаңтар-қараша айы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2020 жылғы қаңтар-қараша қорытындылары бойынша өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 144 878,7 млн.теңгенi құрады, нақты көлем индексi 152,4%.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердi қалыптастыруға өңдеу өнеркәсiбi барынша әсер етедi.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (80,9%) 2020 жылғы қаңтар- қараша айында 117 199,5 млн. теңге сомасына өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан жағдай бойынша тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2019 жылдың кезеңiне 233 бiрлiкке төмендеп, 19 056 құрады.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған кәсiпорындарында жыл басынан берi 720 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткiзу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 160 241,4 млн.теңгенi немесе өткен жылдың көрсеткiшiне 99,2% құрады.

Инвестициялық сала. 2020 жылғы қаңтар- қараша негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 64 382,5 млн. теңге деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексi 172,5% — ы құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2020 жылғы қаңтар-қараша 183, 203 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: ЖТҚ — 29,400 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 153,803 мың шаршы метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2020 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 49 652,1 млн.теңге көлемiнде салықтар мен алымдар түстi немесе жоспар-болжамға 111,9%. 2019 жылғы деңгейге қарағанда түсiмдер 4 683,3 млн. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 111,6%-ға орындалды (19 920,1 млн.теңге). Жергiлiктi бюджетке 29 731,2 млн. теңге түстi, бұл кезең болжамының 112,0% — ын құрайды.

Бiлiм. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi Көкшетауда 78 бiлiм беру ұйымы бар, оның iшiнде: 24 жалпы орта бiлiм беру мектебi (күндiзгi), 1 негiзгi жалпы бiлiм беру мектебi, 48 мектепке дейiнгi ұйым (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк және 1 жеке), 17 жеке меншiк балабақша), "Мейiрiм" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша бiлiм беру мекемесi ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебi" МКҚК, "Балалар көркемөнер мектебi" МКҚК, Еңбекке баулу оқу кәсiпорны, дарынды балаларды дамыту орталығы"Көкшетау дарыны".

Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды.

Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 7 487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледi.).

Бiлiм беру процессi екi ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептерi компьютерлендiрiлген, Интернет желiсiне қол жеткiзе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк желiсi 15 мекемеден тұрады, оның iшiнде: 12 кiтапхана, 1 тiлдердi оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 2358 iс-шара өткiзiлiп, оған 1006,3 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткiзiлдi.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 315 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешенi, 5 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 жеңiл атлетика манежi, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есептi кезеңде жалпы 7,7 мың адамды қамтитын 46 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.

Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау. 2020 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 411 жұмыссыз тұр, бұл 2019 жылғы көрсеткiштен 41,7% жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның көмегiмен 2965 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 29,0% — ға жоғары.

2020 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша деректер базасында қаланың 52 кәсiпорны мен мекемелерiнен 459 бос жұмыс орны тiркелген. Еңбек нарығындағы шиеленiс коэффициентi 0,9 құрады.

Экономиканың түрлi салаларында 2585 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2020 жылға жоспарланған көрсеткiштiң 103,4% — ын құрайды.

"Жастар тәжiрибесi" бағдарламасы аясында 125 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде ұйымдастырылады.

Есептi кезеңде әлеуметтiк жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшiн ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткiшiнен 29,5%-ға төмен.

Қоғамдық жұмыстарға 350 адам жiберiлдi, бұл 2019 жылғы деңгейден 61,3% жоғары.

Қылмыс. 2020 жылдың қаңтар-қарашада Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде барлығы 2 414 қылмыс тiркелдi, оның iшiнде 1047 қылмыс ашылды. Сотқа — 432 iс жолданды.

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2020 15:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2020 15:26
Қаралым саны: 1759

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»