A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2018 жылдың қаңтар - қараша айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2018 жылғы қаңтар-қараша айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 92176,1 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 100,1%-ға тең.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.

Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (70,3%), 2018 жылдың қаңтар- қараша айында 64784,7 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамуы. 2018 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 19 244 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 100,2% құрады.

Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 641 жаңа жұмыс орны құрылды.

Инвестициялық саласы. 2018 жылдың қаңтар- қараша айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 34480,4 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 119,0% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылдың қаңтар- қараша айында 156,8 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 53,7 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 82,8 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй — 20,3 мың ш. метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2018 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 47945,2 млн. теңге немесе болжамды жоспарға шаққанда 100,4% салық және жиналымдар түстi. 2017 жылдың деңгейiне түсiмдер 1247,7 млн. теңге артты. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 100,3%-ға (21343,6 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 26601,6 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 100,4% құрайды.

Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 64 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:

жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер, 43 мектепке дейiнгi ұйымдар (25 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк,1 жеке меншiк) 14 жеке меншiк балабақша). Сонымен қатар, мектептен тыс 7 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат», «Көкшетау дарыны», «Мейiрiм», еңбекке үйрету оқу кәсiпорны) қызмет жасайды.

Қала мектептерiнде оқушылардың саны 23 306 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 11 268 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 858 бала қамтылған, бұл 57,8%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 98,4% немесе 6668 бала қамтылған құрайды.

Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 12 мекемеден тұрады: 10 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.

Ағымдағы жыл басынан 2853 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 758 мың адам қатысқан.

Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.

Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 286 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 7 спорт кешенi, 3 бассейн, 73 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 18 ату тирi, 117 аула алаңдары, 17 хоккей корты, 29 орнатылған спорт залдар, 8 билярд залы, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром.

Есептi мерзiмiнде 212 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 33,5 мың адам қамтылды.

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2018 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 344 жұмыссыз тiркелген, немесе 2017 жыл көрсеткiшiнен 2,1 рет жоғары. Жұмыссыздық деңгейi 0,3% құрады.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 2279 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2017 жылдың көрсеткiшiнен 1,2 рет жоғары.

2018 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша деректер базасында 594 кәсiпорындарда мен мекемелерде 264 бос орындар тiркелген.

Экономиканың әр түрлi салаларында 2060 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2018 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 107,3% құрады.

«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 182 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 240 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.

2018 жылғы 1 қыркүйек жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 1230 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2018 жылдың қаңтар- қараша айында Көкшетау қаласының аумағында 4004 қылмыс тiркелген, олардың 1416 қылмысы әшкереленген.

Бөлiм басшысы                                                                                                               Шұқатова Г.


Мақаланың шыққан күні: 20.12.2018 17:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2018 17:07
Қаралым саны: 3733

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»