A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2021 жылдың қаңтар-сәуір бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

           Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2021 жылғы қаңтар- сәуір бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 68 425,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 170,6%.

           Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

           Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (80,3%) 2021 жылдың қаңтар-сәуірде 54 962,4 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 642,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 147,2% құрады.

         Кәсіпкерлікті дамыту. 2021 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша

жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16 395 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,7%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 61 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 45 787,1 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 100,1% құрады.

         Инвестициялық сала. 2021 жылдың қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15 017,4 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексі 121,8%-ы құрады.

         Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар- сәуірде 74, 052 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ЖТҚ — 25,938 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 48, 114 мың шаршы метр.

         Мемлекеттік бюджет. 2021 жылғы 1 мамыры жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 21 206,8 млн.теңге көлемінде салықтар мен алымдар түсті немесе жоспар-болжамға 117,9%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 5383,1 млн. теңгеге азайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 118,2%-ға орындалды (7989,3 млн.теңге). Жергілікті бюджетке 13 217,5 млн. теңге түсті, бұл кезең болжамының 117,8%-ын құрайды.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 48 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

         Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

         Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

         Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

         Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 157 іс-шара өткізіліп, оған 422,2 мың адам қатысты.

         Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

         Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 6 776 адамды қамтитын 30 спорттық-бұқаралық      іс-шара өткізілді.

           Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 674 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 24,8% жоғары.

         Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 797 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1,8 рет жоғары.

           2021 жылғы 1 мамыры жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 837 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 0,8 құрады.

           Экономиканың түрлі салаларында 858 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткіштің 34,3% -ын құрайды.

           "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 58 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

             Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшін ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткішінен 1,5 рет жоғары.

             Қоғамдық жұмыстарға 161 адам жіберілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 1,6 рет жоғары.

             Қылмыс. 2020 жылдың қаңтар-сәуірде Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1108 қылмыс тіркелді, оның ішінде 216 қылмыс ашылды. Сотқа – 115 іс жолданды.

 

Басшының м.а.                                                                          А. Әбілмажинов


Мақаланың шыққан күні: 31.05.2021 09:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.05.2021 09:17
Қаралым саны: 1369

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»