A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

Мемлекеттiк қызмет көрсету: Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8, 9 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» № 183 Қаулысының 2 тармағына және «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес 2018 жылда әлеуметтiк қолдау шаралары жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең немесе 168350 (жүз алпыс сегiз мың үш жүз елу) теңге сомада көтерме жәрдемақы түрiнде жалпы сомасы 9595950 (тоғыз миллион бес жүз тоқсан бес мың тоғыз жүз елу) теңге 57 маманға және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау шаралары бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын немесе 3607500 (үш миллион алты жүз жетi мың бес жүз) теңге сомада бюджеттiк кредит түрiнде жалпы сомасы 126 262 500 (жүз жиырма алты миллион екi жүз алпыс екi мың бес жүз) теңге 35 маманға қаражат берiлдi.

Халықты ақпараттандыру мақсатында, 2018 жылдың 13 желтоқсанындағы № 51 «Степной Маяк» газетiнде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберiнде көтерме жәрдемақы түрiнде және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк несие түрiнде әлеуметтiк қолдау шаралары ұсыну туралы Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң мақаласы жарияланған.

Ауылдық елдi мекендердiң мамандарына әлеуметтiк қолдау шаралары туралы консультация күн сайын өткiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2019 15:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2019 15:07
Қаралым саны: 4146

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»