A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2018 жылдың қаңтар-cәуір айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2018 жылғы қаңтар-сәуiр айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 32 492,1 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 111,2%-ға тең.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.

Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (63,6%), 2018 жылдың қаңтар-сәуiр айында 20 662,3 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамуы. 2018 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 19 498 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 102,6% құрады.

Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 164 жаңа жұмыс орны құрылды.

Инвестициялық саласы. 2018 жылдың қаңтар-сәуiр айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 8 261,5 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 101,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылдың қаңтар-сәуiр айында 67,5 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 23,4 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 32,0 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй — 12,1 мың ш. метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2018 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 18 305,2 млн. теңге сәуiр немесе болжамды жоспарға шаққанда 122,2% салық және жиналымдар түстi. 2017 жыл деңгейiне түсiмдер 1 483,4 млн. теңге артты. Республикалық бюджетке бөлiне-тiн қаражат жоспары 129,7%-ға (9116,3 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 9 188,9 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 115,6% құрайды.

Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 64 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:

жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер, 40 мектепке дейiнгi ұйымдар (23 мемлекеттiк, 12 жеке меншiк, 4 шағын орталықтар, 2 ясли). Сонымен қатар, мектептен тыс 7 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат», «Көкшетау дарыны», «Мейiрiм», еңбекке үйрету оқу кәсiпорны) қызмет жасайды.

Қала мектептерiнде оқушылардың саны 23 306 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 11 268 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 835 бала қамтылған, бұл 57,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 93,0% немесе 8127 бала қамтылған құрайды.

Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 12 мекемеден тұрады: 10 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.

Ағымдағы жыл басынан 1011 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 283,2 мың адам қатысқан.

Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.

Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 135,1 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100% құрайды).

Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 274 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром.

Есептi мерзiмiнде 93 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 17,6 мың адам қамтылды.

Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 24,1 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2018 жылдың 1 мамыр жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 373 жұмыссыз тiркелген, немесе 2017 жыл көрсеткiшiнен 2,0 рет% жоғары.

Жұмыссыздық деңгейi 0,4% құрады.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 629 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2017 жылдың көрсеткiшiнен 3,1% төмен.

Экономиканың әр түрлi салаларында 644 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2018 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 33,5% құрады.

«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 67 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi.

Қоғамдық жұмыстарға 117 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 1897 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2018 жылдың қаңтар-сәуiр айында Көкшетау қаласының аумағында 1481 қылмыс тiркелген, олардың 423 қылмысы әшкереленген.

Бөлiм басшысы                                                                                                                                            Шұқатова Г.


Мақаланың шыққан күні: 18.05.2018 16:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2018 16:50
Қаралым саны: 4021

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»