Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8, 9 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» № 183 Қаулысының 2 тармағына және «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес 2019 жылда әлеуметтiк қолдау шаралар көтерме жәрдемақы түрiнде жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең немесе 176 750 (жүз жетпiс алты мың жетi жүз елу) теңге сомада 30 маманға жалпы сомасы 5 302 500 (бес миллион үш жүз екi мың бес жүз) теңге және еңгiзiлген өзгертулерге сәйкес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең немесе 252 500 (екi жүз елу екi мың бес жүз) теңге сомада 41 маманға жалпы сомасы 10 352 500 (он миллион үш жүз елу екi мың бес жүз) теңге, сонымен қатар тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит түрiнде бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын немесе 3 787 500 (үш миллион жетi жүз сексен жетi мың бес жүз) теңге сомада 16 маманға жалпы сомасы 60 600 000 (алпыс миллион алты жүз мың) теңге қаражат көрсетiлдi.
Халықты ақпараттандыру мақсатында, 2019 жылдың 06 маусымындағы № 22 «Степной Маяк» газетiнде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберiнде көтерме жәрдемақы түрiнде және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк несие түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы мақала жарияланған.