Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2019 жылғы қаңтар-сәуiр айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 28197,4 млн. теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 88,2%-ға тең.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.
Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (58,7%), 2019 жылдың қаңтар- наурыз айы бойынша 16563,5 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.
Кәсiпкерлiктi дамуы. 2019 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2018 жылдың кезеңiне 203 бiрлiкке төмендедi және 19 274 құрады.
Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 101 жаңа жұмыс орны құрылды.
Инвестициялық саласы. 2019 жылдың қаңтар- сәуiр айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 11760,3 млн.теңге деңгейiнде құрылды, бұл ретте өткен жылдың деңгейiне қарағанда нақты көлем индексi 36,2% — ға өстi.
Тұрғын үй құрылысы. 2019 жылдың қаңтар- сәуiр айында 67,7 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 33,8 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 21,7 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй — 12,2 мың ш. метр.
Мемлекеттiк бюджет. 2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 15408,3 млн. теңге немесе болжамды жоспарға шаққанда 103,1% салық және жиналымдар түстi. 2018 жылдың деңгейiне түсiмдер 2896,9 млн. теңге азайды. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 104,2%-ға (6988,9 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 8419,4 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 102,1% құрайды.
Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 78 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде: жалпы бiлiм беретiн 23 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер, 47 мектепке дейiнгi ұйымдар (26 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк,1 жеке меншiк) 17 жеке меншiк балабақша), «Мейiрiм» балаларды түзету дамыту орталығы және мектептен тыс 5 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «Көкшетау дарыны», еңбекке үйрету оқу кәсiпорны) қызмет жасайды.
Қала мектептерiнде оқушылардың саны 24 833 оқушы құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 858 бала қамтылған, бұл 57,8%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 98,4% немесе 6668 бала қамтылған құрайды.
Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.
Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 14 мекемеден тұрады: 12 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.
Ағымдағы жыл басынан 1106 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 311,3 мың адам қатысқан.
Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.
Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 294 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 7 спорт кешенi, 3 бассейн, 78 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 18 ату тирi, 128 аула алаңдары, 17 хоккей корты, 29 орнатылған спорт залдар, 7 теннис кездiгi, 1 ипподром.
Есептi кезеңде жалпы 11,5 мың адамды қамтитын 90 спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлдi.
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 599 жұмыссыз тiркелген, немесе 2018 жыл көрсеткiшiнен 1,6 рет жоғар.
Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 519 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2018 жылдың көрсеткiшiнен 17,5% төмен.
2019 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша деректер базасында 188 кәсiпорындарда мен мекемелерде 385 бос орындар тiркелген.
Экономиканың әр түрлi салаларында 638 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2019 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 33,2% құрады.
«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 60 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 127 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.
Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.
2019 жылғы 1 сәуiр жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 463 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.
Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2019 жылдың қаңтар-сәуiр айында Көкшетау қаласының аумағында 1562 қылмыс тiркелген, олардың 469 қылмысы әшкереленген.