A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 101 831,6 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 100,1%-ға тең.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.

Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (93,0%), 2017 жылдың қаңтар- желтоқсан айында 59 089,4 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамуы. 2017 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 19082 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiне 99,7% құрады.

Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 613 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарына 101,2% құрайды (606 жұмыс орны).

Инвестициялық саласы. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 32 327,2 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 101,4% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылдың қаңтар- желтоқсан айында 158,8 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 57,4 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 63,9 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй- 32,8 мың ш. метр,басқа-4,7 мың ш. метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2017 жылдың 1 қараша жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 53501,5 млн. теңге көлемiнде немесе болжамды жоспарға шаққанда 102,7% салық және жиналымдар түстi. 2016 жыл деңгейiне түсiмдер 8162,9 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлiне-тiн қаражат жоспары 100,9%-ға (27598,0 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 25 903,5 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 104,0% құрайды.

Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 64 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:

жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер, 40 мектепке дейiнгi ұйымдар (23 мемлекеттiк, 12 жеке меншiк, 4 шағын орталықтар, 2 ясли). Сонымен қатар, мектептен тыс 7 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат», «Көкшетау дарыны», «Мейiрiм», еңбекке үйрету оқу кәсiпорны) қызмет жасайды.

Қала мектептерiнде оқушылардың саны 23 306 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 11 268 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 835 бала қамтылған, бұл 57,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 93,0% немесе 6566 бала қамтылған құрайды.

Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 11 мекемеден тұрады: 9 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.

Ағымдағы жыл басынан 3014 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 853,8 мың адам қатысқан.

Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.

Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 636,0 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100% құрайды).

Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 274 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром.

Есептi мерзiмiнде 114 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 25,5 мың адам қамтылды.

Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 41,9 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2018 жылдың 1 ақпан жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 126 жұмыссыз тiркелген, немесе 2016 жыл көрсеткiшiнен 2,5 рет% жоғары.

Жұмыссыздық деңгейi 0,1% құрады.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 1644 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2016 жылдың көрсеткiшiнен 12,3% төмен.

Экономиканың әр түрлi салаларында 1964 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 103% құрады.

«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 174 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi.

Қоғамдық жұмыстарға 229 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.

2017 жылғы 1 қараша жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 1589 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айында Көкшетау қаласының аумағында 3879 қылмыс тiркелген, олардың 1472 қылмысы әшкереленген.

Бөлiм басшысы                                                                                                            Шұқатова Г.

Мақаланың шыққан күні: 20.03.2018 17:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.03.2018 17:23
Қаралым саны: 5900

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»