A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп»

Мемлекеттiк қызмет көрсету: Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну.

Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру үшiн өкiлеттi орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8, 9 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн бекiту туралы» № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес 2016 жылда әлеуметтiк қолдау шаралары жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең немесе 148 470 ( жүз қырық сегiз мың төрт жүз жетпiс) теңге сомада көтерме жәрдемақы түрiнде жалпы сомасы 5 938 800(бес миллион тоғыз жүз отыз сегiз мың сегiз жүз) теңге 40 маманға және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау шараларыбiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын немесе 3 181 500 (үш миллион жүз сексен бiр мың бес жүз) теңге сомада бюджеттiк кредит түрiнде жалпы сомасы 12 726 000 (он екi миллион жетi жүз жиырма алты мың) теңге 4 маманға қаражат қарастырылған.

2016 жылда осы мемлекеттiк сатып алу бойынша дәлелдейтiн құжаттармен 47 арыз түстi, олар заңнамаға сәйкестiгiне тексерiлдi. Өткiзiлген 3 комиссия отырысының ұсынымы бойынша әлеуметтiк қолдау шараларынкөтерме жәрдемақы түрiнде 40 маман және тұрғын үй сатып алу үшiнбюджеттiк кредит түрiнде 4 маман алды.

Көтерме жәрдемақы түрiнде және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк несие түрiнде әлеуметтiк қолдау шаралары ұсыну туралы халықты ақпараттандыру мақсатында Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi қалалық БАҚ-та мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде келiстi материалдар жарияланған.

Мақаланың шыққан күні: 15.02.2017 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.04.2017 18:11
Қаралым саны: 4373

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»