A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Орталық референдум комиссиясы алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттедi

2022 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердiң байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды. Оның iшiнде: 6 байқаушы ТМД–дан байқаушылар миссиясының құрамында; 5 байқаушы — Түркi мемлекеттерi ұйымы байқаушылар миссиясынан; 17 байқаушы — ТМД ПАА-дан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерiнен 11 байқаушы аккредиттелдi.

Аккредиттеуге ұсыныстардың келiп түсуiне қарай байқаушылар жөнiндегi деректер жаңартылып отыратын болады.

Халықаралық байқау институтын Орталық референдум комиссиясы 2022 жылғы 6 мамырда ашты. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердiң байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-ге дейiн жалғасады.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1653024106 

Мақаланың шыққан күні: 24.05.2022
Қаралым саны: 2054

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»