ЖОБА: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттiк органдарымен және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiнде қажеттi шаралар қабылда-
сын.
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
4-баптың 1- тармағындағы «Кеңесiнiң» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын.
6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесiлi. Халық атынан меншiк құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.».
15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасына тыйым салынады.».
23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен
судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелерi, әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi саяси партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бiр саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиiс.».
24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы сот актiсiнiң негiзiнде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.».
42-бапта:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.»;
2) 5-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын.
43-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Президентi өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси партияда болмауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жақын туыстары мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi басшыларының қызметтерiн атқаруға хақысы жоқ.».
44-бапта:
1) 2) тармақшадағы «Парламент Сенаты»
деген сөздер «Парламент» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3) тармақшадағы «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;» деген сөздер алып тасталсын;
3) 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Парламент Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесiнiң Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;»;
4) 7) тармақшадағы «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-1) тармақшадағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 19) тармақшадағы «Хатшысын» деген сөз «кеңесшiсiн» деген сөзбен ауыстырылсын.
46-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
47-бапта:
1) 1-тармақтағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы «Кеңестiң» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.
50-бапта:
1) 2-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Сенаттың он депутатын, оның iшiнде бесеуiн Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президентi тағайындайды.»;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәжiлiс конституциялық заңда белгiленген тәртiппен аралас сайлау жүйесi бойынша: бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша пропорционалды өкiлдiк ету жүйесi бойынша, сондай-ақ бiрмандаттық аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланатын тоқсан сегiз депутаттан тұрады.».
51-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәжiлiстiң депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы Парламенттiң жұмыс iстеп тұрған сайланымы өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталардан кемiнде екi ай бұрын өткiзiледi.».
52-баптың 5-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес партиялық тiзiм негiзiнде өзiн сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес партиялық тiзiм негiзiнде депутатты сайлаған саяси партия қызметiн тоқтатқан;
3) бiр мандаттық аумақтық сайлау округi бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалатын тәртiппен сайлаушылар керi шақырып алған кезде өз мандатынан айырылады.».
53-бапта:
1) мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) конституциялық заңдарды қабылдайды;
1-2) Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қарсылықтар жiберiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргiзедi. Бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын бiлдiредi. Егер Парламент әрбiр Палата депутаттарының жалпы санының төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Президенттiң қарсылықтарын еңсерсе, Президент бiр ай iшiнде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттiң қарсылықтары еңсерiлмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi;»;
2) 2) тармақшадағы «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң» деген сөздер «Жоғары аудиторлық палатаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6) тармақшадағы «Кеңестiң» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.
54-бапта:
1) 1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi — Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы заңдар қабылдайды, оның iшiнде:»;
2) 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жiберiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргiзедi. Бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын бiлдiредi. Егер Мәжiлiс
пен Сенат әрбiр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен Президенттiң қарсылықтарын еңсерсе, Президент бiр ай iшiнде заңға қол қояды. Егер Президенттiң қарсылығын ең болмаса Палаталардың бiрi еңсермесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi;».
55-бапта:
1) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Республика Президентiнiң Республика Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесiнiң Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру;»;
2) 3) тармақша «судьяларын» деген сөзден кейiн «, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдi» деген сөздермен толықтырылсын.
56-баптың 1-тармағында:
1) 1) тармақшадағы «және осы жобаларды қарау» деген сөздер алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебiн жылына екi рет тыңдау;».
57-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екi мүшесiн, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;».
58-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерi қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар ұсынады;».
61-бапта:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Халықтың өмiрi мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртiптi қорғауға, елдiң экономикалық қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен енгiзiлген заң жобалары Палаталардың бiрлескен отырысында Парламенттiң дереу қарауына жатады.»;
2) 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген заң жобалары Парламентке енгiзiлген жағдайда, Республика Үкiметi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мәселелер бойынша заң күшi бар уақытша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға өзiнiң жауапкершiлiгiмен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшiне енгенге дейiн немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейiн қолданыста болады.»;
3) 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған заң Сенатқа берiледi, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады.
Мәжiлiс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен тұтастай қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледi және бастамашыға қайтарылады.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен мақұлданған заң он күннiң iшiнде Президенттiң қол қоюына берiледi. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжiлiске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжiлiске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы.
Егер Сенат алпыс күннiң iшiнде тиiстi шешiм қабылдамаған жағдайда, заң Президенттiң қол қоюына берiледi.
Егер Мәжiлiс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен келiссе, Мәжiлiс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледi және он күннiң iшiнде Президенттiң қол қоюына берiледi.
Егер Мәжiлiс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшiлiк дауыспен қарсылық бiлдiрсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келiспеушiлiктер келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.Заңның келiсу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен Мәжiлiстiң және Сенаттың қарауына жатады.
Мәжiлiс келiсу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжiлiс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргiзедi.
Егер қайтадан дауысқа салу кезiнде Мәжiлiс Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен бұрын қабылданған шешiмдi бекiтсе, заң он күннiң iшiнде Президенттiң қол қоюына берiледi.
Егер заң Мәжiлiс депутаттарының көрсетiлген көпшiлiк даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледi және бастамашыға қайтарылады.»;
4) 5-1-тармақ алып тасталсын.
62-бапта:
1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен заңдарды Мәжiлiс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.
Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттiң және оның Палаталарының қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.»;
2) 6-тармақ «бойынша» деген сөзден кейiн «, конституциялық заңдардың жобалары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
VI бөлiмнiң тақырыбындағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын.
71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағаны қоса алғанда, он бiр судьядан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады.
Бiр адам Конституциялық Соттың судьясы болып қатарынан екi реттен артық тағайындала алмайды.
Конституциялық Соттың Төрағасын Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Президентi тағайындайды.
Конституциялық Соттың төрт судьясын — Республика Президентi, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын тиiсiнше Сенат пен Мәжiлiс тағайындайды.
Республика Президентi Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
Конституциялық Соттың судьясы қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Конституциялық Соттың судьяларын өздерiнiң өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметi конституциялық заңмен реттеледi.».
72-бапта:
1) 1 және 2-тармақтардағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 3, 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекiтiлген құқықтары мен бостандықтарын тiкелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Республика Конституциясына сәйкестiгiн олардың өтiнiштерi бойынша қарайды.
Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгiну тәртiбi мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мәселелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Республика Конституциясына сәйкестiгiн Республика Бас Прокурорының өтiнiштерi бойынша қарайды.
Конституциялық Сот Конституцияда бекiтiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң Республика Конституциясына сәйкестiгiн Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өтiнiшi бойынша қарайды.».
73-бапта:
1) 1 және 2-тармақтардағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конституциялық Сот өз шешiмiн конституциялық заңда белгiленген мерзiмдерде шығарады.».
74-бапта:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конституциялық Сот шешiм қабылдаған күннен немесе ол белгiлеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның iшiнде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актiлердiң, олардың жекелеген ережелерiнiң күшi жойылады және қолданылуға жатпайды.»;
2) 3-тармақтағы «Кеңестiң» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.
VII бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«VII бөлiм
Соттар және сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл».
78-баптағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын.
82-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоғары Сот Кеңесiнiң Төрағасын Республика Президентi Парламент Сенатының келiсiмiмен бойынша тағайындайды.
Жоғары Сот Кеңесiнiң мәртебесi, құрамын қалыптастыру тәртiбi және жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.».
83-баптың 4-тармағындағы «заңмен» деген сөздер «конституциялық заңда» деген сөздермен
ауыстырылсын.
Мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын:
«83-1-бап
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге жәрдемдеседi, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын iлгерiлетуге ықпал етедi.
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде тәуелсiз болады және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейдi.
Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдi өз өкiлеттiгiнiң мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң құқықтық жағдайы және қызметiн ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.».
87-бапта:
1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiн тиiсiнше облыстың аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарының келiсiмiмен Республика Президентi қызметке тағайындайды.
Республика Президентi дауыс беру жүргiзiлетiн кемiнде екi кандидатураны ұсынады. Дауыс беруге қатысқан мәслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат олардың келiсiмiн алды деп есептеледi.
Өзге әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi заңда айқындалатын тәртiппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметiнен босатылады. Республика Президентi өзiнiң ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың әкiмдерiн қызметiнен босатуға құқылы.»;
2) 5-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және оны қызметiнен босату жөнiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiне қатысты тиiсiнше Республика Президентiнiң не өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерiне қатысты жоғары тұрған әкiмнiң алдына мәселе қоюға құқылы.».
88-баптың 4-тармағындағы «Президентi,» деген сөз алып тасталсын.
91-бапта:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсiздiгi, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi өзгермейдi.»;
2) 3-тармақтағы «Кеңестiң» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.
Мынадай мазмұндағы 99-баппен толықтырылсын:
«99-бап
Конституциялық Сот және Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейiн Конституциялық Кеңестiң және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағалары мен мүшелерi өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
Конституциялық Сот құрылғанға дейiн Конституцияның 72-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулылары Конституцияға қайшы келмейтiн бөлiгiнде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейiн қолданылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелерi сегiзiншi сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады.».
2-бап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдау тәртiбiн, сондай-ақ Конституциялық Соттың қызметiн айқындайтын ережелерi 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2023 жылдың 1 қаңтарына Мәжiлiс мақұлдаған және Парламенттiң қарауындағы заң жобалары заңдар болып есептеледi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабында белгiленген тәртiппен қаралады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының лауазымды адамдарға өкiлеттiктер берудiң жаңа тәртiбiн белгiлейтiн нормалары, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, осы лауазымды адамдардың өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне немесе өкiлеттiгiнiң тоқтатылуына қарай қолданысқа енгiзiледi.
Жоғарғы аудиторлық палатаның құрамы қалыптастырылғанға дейiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыруды жалғастырады.
3-бап. Осы Заң референдумның қорытындылары туралы хабарлама ресми жарияланған күнiнен бастап, осы Заңның 2-бабының ережелерi ескерiле отырып қолданысқа енгiзiледi.