A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 173 103,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 77,3%.

Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (80,1%) 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 138 662,9 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7 122,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,4% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2022 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18 240 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,2%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 975 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 151 970,5 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 100,3% құрады.

Инвестициялық сала. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 70 664,0 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 146,8% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 188,927 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй — 167,074 мың шаршы метр, ЖТҚ — 21,853 мың шаршы метр.

Мемлекеттік бюджет. 2022 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 60 315,7 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 105,5% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2021 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 12503,8 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 104,0%-ға (20269,6 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 40 046,1 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 105,7% құрайды.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 3 шағын орталық (2 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 28 219 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 303 бала қамтылған, бұл 73,8%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 300 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 179,7 іс-шара өткізіліп, оған 2 074 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 11 381 адамды қамтитын 81 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1046 жұмыссыз тұр, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 7% жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1747 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 11,2% төмен.

2022 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 528 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 2,0 құрады.

Экономиканың түрлі салаларында 2 502 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2022 жылға жоспарланған көрсеткіштің 96,9%-ын құрайды.

"Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 95 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

Есепті кезеңде 45 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 81,8% - ды құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға 224 адам жіберілді, бұл 2021 жылғы деңгейден 22,2% төмен.

Қылмыс. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1512 қылмыс тіркелді, оның ішінде 564 қылмыс ашылды. Сотқа – 309 іс жолданды.

«Көкшетау қаласының
экономика және қаржы бөлімі»
ММ басшысы Бекенова З. С.

Мақаланың шыққан күні: 19.10.2022
Қаралым саны: 960

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»