A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2022 жылдың қаңтар-қазан айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік–экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2022 жылғы қаңтар-қазан айлары бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 193 156,2 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 78,2%.

Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (79,9%) 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 154 450,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8 239,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,2% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2022 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18 742 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,4%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 1084 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 177 296,4 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 99,8% құрады.

Инвестициялық сала. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 77 641,2 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 143,5% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында 224,904 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй — 200,617 мың шаршы метр, ЖТҚ — 24,287 мың шаршы метр.

Мемлекеттік бюджет. 2022 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 66 918,1 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 106,3% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2021 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 16 253,5 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 105,1%-ға (22 429,8 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 44 488,3 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 107,0% құрайды.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 3 шағын орталық (2 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 28 219 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 303 бала қамтылған, бұл 73,8%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 300 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 337,7 іс-шара өткізіліп, оған 2 374 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 12 074 адамды қамтитын 90 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1025 жұмыссыз тұр, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,9 рет жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 2 034 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1,4% төмен.

2022 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 663 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 1,5 құрады.

Экономиканың түрлі салаларында 2 196 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2022 жылға жоспарланған көрсеткіштің 86,2%-ын құрайды.

"Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 97 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

Есепті кезеңде 45 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 81,8% - ды құрайды.              

Қоғамдық жұмыстарға 230 адам жіберілді, бұл 2021 жылғы деңгейден 20,1% төмен.

Қылмыс. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1733 қылмыс тіркелді, оның ішінде 600 қылмыс ашылды. Сотқа – 323 іс жолданды.

«Көкшетау қаласының
экономика және қаржы бөлімі»
ММ басшысы Бекенова З.

Мақаланың шыққан күні: 21.11.2022
Қаралым саны: 947

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»