Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2021 жылғы қаңтар-қараша бойынша өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 211 726,9 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 212,9%.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердi қалыптастыруға өңдеу өнеркәсiбi барынша әсер етедi.
Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (84,8%) 2021 жылдың қаңтар-қараша айында 179 494,9 млн. теңге сомасына өнiм өндiрiлдi.
Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-қараша айында ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 7 338,2 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 100,1% құрады.
Кәсiпкерлiктi дамыту. 2021 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша жұмыс iстеп тұрған шағын орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 17 109бiрлiктi құрады, бұл өткен жылғы көрсеткiштен 7,4%-ға жоғары.
Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған кәсiпорындарында жыл басынан берi 1123 жаңа жұмыс орны құрылды.
Барлық өткiзу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 175 158,4 млн.теңгенi немесе өткен жылдың көрсеткiшiне 100,1% құрады.
Инвестициялық сала. 2021 жылдың қаңтар- қараша айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 58 780,2 млн. теңге деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексi 86,4%-ы құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-қарашада 213,081 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: ЖТҚ — 68,773 мың шаршы метр, мемлекеттiк тұрғын үй- 14,836 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 129,472 мың шаршы метр.
Мемлекеттiк бюджет. 2021 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 50 664,6 млн.теңге көлемiнде салықтар мен алымдар түстi немесе жоспар-болжамға 102,3%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсiмдер 8 361,5 млн. теңгеге көбейдi. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 91,5%-ға орындалды (18 463,4 млн.теңге). Жергiлiктi бюджетке 32 201,2 млн. теңге түстi, бұл кезең болжамының 109,7%-ын құрайды.
Бiлiм. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi Көкшетауда 78 бiлiм беру ұйымы бар, оның iшiнде: 24 жалпы орта бiлiм беру мектебi (күндiзгi), 1 негiзгi жалпы бiлiм беру мектебi, 48 мектепке дейiнгi ұйым (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк және 1 жеке), 17 жеке меншiк балабақша), "Мейiрiм" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша бiлiм беру мекемесi ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебi" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебi" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсiпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 7 122 бала қамтылған, бұл 63,5%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледi.).
Бiлiм беру процессi екi ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептерi компьютерлендiрiлген, Интернет желiсiне қол жеткiзе алады.
Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк желiсi 15 мекемеден тұрады, оның iшiнде: 12 кiтапхана, 1 тiлдердi оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.
Ағымдағы жылдың басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 3 003 iс-шара өткiзiлiп, оған 1 543,3 мың адам қатысты.
Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткiзiлдi.
Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 315 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешенi, 5 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 жеңiл атлетика манежi, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.
Есептi кезеңде жалпы 30 616 адамды қамтитын 82 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.
Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау. 2021 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 459 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткiштен 11,7% жоғары.
Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның көмегiмен 2 154 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 27,4% төмен.
2021 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсiпорындары мен мекемелерi бойынша 526 бос жұмыс орны тiркелген. Еңбек нарығындағы шиеленiс коэффициентi 0,9 құрады.
Экономиканың түрлi салаларында 2 661 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткiштiң 105,2%-ын құрайды.
"Жастар тәжiрибесi" бағдарламасы аясында 100 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде ұйымдастырылады.
Есептi кезеңде әлеуметтiк жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшiн немесе өткен жылдың көрсеткiшiнiң өткен айы деңгейiнде ұйымдастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға 288 адам жiберiлдi, бұл 2020 жылғы деңгейден 17,7% төмен.
Қылмыс. 2021 жылдың қаңтар-қараша айында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде барлығы 2 044 қылмыс тiркелдi, оның iшiнде 669 қылмыс ашылды. Сотқа — 357 iс жолданды.
«Көкшетау қаласының экономика
және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi»
ММ басшысы Өтенов А.С.