Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2022 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 54 040,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 95,0%.
Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (76,5%) 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 41 362,6 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 563,3 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,2% құрады.
Кәсіпкерлікті дамыту. 2022 жылғы 1 сәуірі жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 17 433 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,5%-ға жоғары.
Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 222 жаңа жұмыс орны құрылды.
Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 43 449,6 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 100,6% құрады.
Инвестициялық сала. 2022 жылғы қаңтар- наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 41 976,7 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 3,9 есе өсті.
Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтар- наурыз айларында 60,939 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ЖТҚ — 2,919 мың шаршы метр, мемлекеттік тұрғын үй- 0, коммерциялық тұрғын үй — 58,020 мың шаршы метр.
Мемлекеттік бюджет. 2022 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 18 338,9 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 114,6% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2021 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 3 402,0 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 102,%-ға (6 304,4 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 12 034,5 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 122,4% құрайды.
Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 28 219 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 532 бала қамтылған, бұл 69,2%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 300 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).
Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.
Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.
Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 769 іс-шара өткізіліп, оған 397,7 мың адам қатысты.
Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.
Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.
Есепті кезеңде жалпы 7 459 адамды қамтитын 37 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы 1 сәуірі жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 692 жұмыссыз тұр, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 12,2% жоғары.
Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 363 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 36,4% төмен.
2022 жылғы 1 сәуірі жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 576 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 1,2 құрады.
Экономиканың түрлі салаларында 359 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2022 жылға жоспарланған көрсеткіштің 13,9%-ын құрайды.
"Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 19 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.
Есепті кезеңде 45 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 81,8% - ды құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға 88 адам жіберілді, бұл 2021 жылғы деңгейден 33,3% төмен.
Қылмыс. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 528 қылмыс тіркелді, оның ішінде 214 қылмыс ашылды. Сотқа – 128 іс жолданды.
«Көкшетау қаласының
экономика және қаржы бөлімі»
ММ басшысының м.а. Күзтаева Г.К.