Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2023 жылғы қаңтар- шілдедегі өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 179 913,5 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 111,3%.
Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (79,0%) 2023 жылғы қаңтар- шілдедегі 142 187,9 млн.теңге сомасына өнім өндірілді.
Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар-шілдедегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 256,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,0% құрады.
Кәсіпкерлікті дамыту. 2023 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22 722 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13,1%-ға жоғары.
Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 864 жаңа жұмыс орны құрылды.
Сатудың барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 120 318,0 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 104,0% құрады.
Инвестициялық сала. 2023 жылғы қаңтар- шілдедегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 82 695,2 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 134,7% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2023 жылғы қаңтар- шілдедегі 146,126 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй -143,599 мың шаршы метр, мемлекеттік тұрғын үй – 2,527 мың шаршы метр, ЖТҚ - 12,087 мың шаршы метр.
Мемлекеттік бюджет. 2023 жылғы 1 тамызы жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 59 000,4 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 99,9% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2022 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 13 675,4 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 80,6%-ға (19 825,1 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 39 175,4 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 113,7% құрайды. Көкшетау қаласының бюджетіне түсетін кірістер көлемі 26 465,0 млн.теңгені (120,5%) құрады.
Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 77 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 3 шағын орталық (2 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша).
Сондай-ақ 5 қосымша ("Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы, "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК, "Балалар көркемсурет мектебі" МКҚК, техникалық шығармашылық орталығы) білім беру мекемесі жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 28 219 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 750 бала қамтылған, бұл 69,9%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 913 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).
Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.
Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.
Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 434 іс-шара өткізіліп, оған 529,7 мың адам қатысты.
Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.
Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 328 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 153 жазық құрылыс, 16 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.
Есепті кезеңде жалпы 6 216 адамды қамтитын 58 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2023 жылдың 1 тамызы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1 154 жұмыссыз тұр, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 24,5%-ға жоғары.
Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1 230 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 4,2%-ға төмен.
2023 жылғы 1 тамызы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 397 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 2,9 құрады.
Экономиканың түрлі салаларында 3 152 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2023 жылға жоспарланған көрсеткіштің 53,4%-ын құрайды.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 36 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.
Есепті кезеңде 37 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 82,2% - ды құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға 182 адам жіберілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 12,5% төмен.
Қылмыс. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 996 қылмыс тіркелді, оның ішінде 421 қылмыс ашылды. Сотқа – 200 іс жолданды.
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі»
ММ басшысы З. Бекенова