Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 45 741,5 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,5%.
Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (72,5%) 2023 жылдың қаңтар-ақпанда 33 152,9 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.
Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 459,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 126,2% құрады.
Кәсіпкерлікті дамыту. 2023 жылғы 1 наурыз жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19 799 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 14,5%-ға жоғары.
Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 226 жаңа жұмыс орны құрылды.
Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 29 007,6 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 97,5% құрады.
Инвестициялық сала. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 51 629,6 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 189,7% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 54,136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй — 49,883 мың шаршы метр, ЖТҚ — 4,253 мың шаршы метр.
Мемлекеттік бюджет. 2023 жылғы 1 наурызы жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 18 081,0 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 114,4% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2022 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 7024,7 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 102,0%-ға (8460,0 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 9620,9 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 128,1% құрайды.
Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 77 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 3 шағын орталық (2 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 28 219 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 750 бала қамтылған, бұл 69,9%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 913 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).
Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.
Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.
Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 530 іс-шара өткізіліп, оған 334,342 мың адам қатысты.
Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.
Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.
Есепті кезеңде жалпы 2 132 адамды қамтитын 20 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2023 жылғы 1 наурыз жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1 074 жұмыссыз тұр, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,7 есе жоғары.
Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 340 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 46,5% жоғары.
2023 жылғы 1 наурызы жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 609 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 1,8 құрады.
Экономиканың түрлі салаларында 628 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2023 жылға жоспарланған көрсеткіштің 10,6%-ын құрайды.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 10 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.
Есепті кезеңде 33 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 78,6% - ды құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға 58 адам жіберілді, бұл 2021 жылғы деңгейден 10,8% төмен.
Қылмыс. 2023 жылдың қаңтар-ақпанда Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 340 қылмыс тіркелді, оның ішінде 97 қылмыс ашылды. Сотқа – 35 іс жолданды.
«Көкшетау қаласының
экономика және қаржы бөлімі»
ММ басшысының орынбасары Күзтаева Г.