A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2023 жылдың қаңтар айы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2023 жылғы қаңтар айы бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 21 700,1 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 95,6%.

Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (69,7%) 2023 жылдың қаңтар айында 15 133,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206,6 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 110,2% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2023 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19 598 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13,0%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 106 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 13 501,0 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 101,1% құрады.

Инвестициялық сала. 2023 жылғы қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12 387,5 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 100,8% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2023 жылғы қаңтар айында 33,281 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй — 31,744 мың шаршы метр, ЖТҚ — 1,537 мың шаршы метр.

Мемлекеттік бюджет. 2023 жылғы 1 ақпаны жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 7 500,8 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 151,5% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2022 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 3453,0 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 111,8%-ға (2 673,4 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 4 827,4 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 188,6% құрайды.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 77 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 3 шағын орталық (2 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 28 219 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 750 бала қамтылған, бұл 69,9%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 913 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 201 іс-шара өткізіліп, оған 114,526 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 620 адамды қамтитын 5 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2023 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 987 жұмыссыз тұр, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,8 есе жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 171 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 51,3% жоғары.

2023 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 543 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 1,8 құрады.

Экономиканың түрлі салаларында 183 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2023 жылға жоспарланған көрсеткіштің 3,1%-ын құрайды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 5 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

Есепті кезеңде 16 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 76,2% - ды құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға 32 адам жіберілді, бұл 2021 жылғы деңгейден 39,1% жоғары.

Қылмыс. 2023 жылдың қаңтар айында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 189 қылмыс тіркелді, оның ішінде 56 қылмыс ашылды. Сотқа – 19 іс жолданды.

«Көкшетау қаласының
экономика және қаржы бөлімі»
ММ басшысының орынбасары Күзтаева Г.

Мақаланың шыққан күні: 22.02.2023
Қаралым саны: 2175

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»