Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2022 жылғы қаңтар бойынша өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 16 960,7 млн.теңгенi құрады, нақты көлем индексi 80,6%.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердi қалыптастыруға өңдеу өнеркәсiбi барынша әсер етедi.
Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (72,7%) 2022 жылдың қаңтар айында 12 330,9 млн. теңге сомасына өнiм өндiрiлдi.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар айында ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 155,8 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 90,8% құрады.
Кәсiпкерлiктi дамыту. 2022 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша жұмыс iстеп тұрған шағын орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 17 337 бiрлiктi құрады, бұл өткен жылғы көрсеткiштен 8,4%-ға жоғары.
Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған кәсiпорындарында жыл басынан берi 59 жаңа жұмыс орны құрылды.
Барлық өткiзу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 11 020,3 млн.теңгенi немесе өткен жылдың көрсеткiшiне 90,9% құрады.
Инвестициялық сала. 2022 жылғы қаңтарда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 11 453,2 млн. теңге деңгейiнде қалыптасты, нақты көлем индексi өткен жылғы деңгейге қарағанда 8,9 есе өстi.
Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылғы қаңтарда 24,162 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: ЖТҚ — 0,102 мың шаршы метр, мемлекеттiк тұрғын үй- 0, коммерциялық тұрғын үй — 24,060 мың шаршы метр.
Мемлекеттiк бюджет. 2022 жылғы 1 ақпан жағдай бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 4 047,8 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 122,8% көлемiнде салықтар мен алымдар түстi. 2021 жылғы деңгейге қарағанда түсiмдер 1140,9 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 102,9%-ға (1344,0 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 2703,9 млн.теңге түстi, бұл кезең болжамының 135,9% құрайды.
Бiлiм. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi Көкшетауда 78 бiлiм беру ұйымы бар, оның iшiнде: 24 жалпы орта бiлiм беру мектебi (күндiзгi), 1 негiзгi жалпы бiлiм беру мектебi, 48 мектепке дейiнгi ұйым (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк және 1 жеке), 17 жеке меншiк балабақша), "Мейiрiм" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша бiлiм беру мекемесi ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебi" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебi" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсiпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 7 532 бала қамтылған, бұл 69,2%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6 300 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледi.).
Бiлiм беру процессi екi ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептерi компьютерлендiрiлген, Интернет желiсiне қол жеткiзе алады.
Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк желiсi 15 мекемеден тұрады, оның iшiнде: 12 кiтапхана, 1 тiлдердi оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.
Ағымдағы жылдың басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 226 iс-шара өткiзiлiп, оған 139,9 мың адам қатысты.
Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткiзiлдi.
Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 315 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешенi, 5 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 жеңiл атлетика манежi, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.
Есептi кезеңде жалпы 2880 адамды қамтитын 8 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.
Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау. 2022 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 546 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткiштен 31,6% жоғары.
Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның көмегiмен 113 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 15,7% төмен.
2022 жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсiпорындары мен мекемелерi бойынша 511 бос жұмыс орны тiркелген. Еңбек нарығындағы шиеленiс коэффициентi 1,1 құрады.
Экономиканың түрлi салаларында 67 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткiштiң 2,6%-ын құрайды.
"Жастар тәжiрибесi" бағдарламасы аясында 8 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде ұйымдастырылады.
Есептi кезеңде 21 жұмыссыз үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2021 жылдың көрсеткiшiнен 1,9 есе жоғары.
Қоғамдық жұмыстарға 23 адам жiберiлдi, бұл 2021 жылғы деңгейден 15% жоғары.
Қылмыс. 2022 жылдың қаңтар айында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде барлығы 209 қылмыс тiркелдi, оның iшiнде 44 қылмыс ашылды. Сотқа — 22 iс жолданды.
«Көкшетау қаласының
экономика және қаржы бөлiмi»
ММ басшысы
Өтенов А.С.