«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласын әлеуметтік – экономикалық дамыту нәтижелері

2016 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша
Көкшетау қаласының әлеуметтiк –экономикалық
дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 18 887,4 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 122,8%-ға тең. Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi. Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (59,7%), 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 11 274,7 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi. Кәсiпкерлiк дамуы. 2016 жылғы 1 сәуiрiне Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 3490 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 90,2% құрады. Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 271 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарына 60,2% құрайды (450 жұмыс орны).
Инвестиция саласы. 2016 жылдың қаңтар- наурыз айларында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 4 449,0 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 105,3% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылдың есептi кезеңiнiң қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы ауданы 44 024 м² болатын тұрғын үй енгiзiлдi, немесе 2015 жыл көрсеткiшiнен 2,6 есе артық. Соның iшiнде: жалпы ауданы 27 900 м² болатын 181 жеке тұрғын үйлер, жалпы ауданы 8 357 м² болатын Әуелбеков көшесi 169 А, («Престиж Кокше» ЖШС) 41 пәтерлi тұрғын үй, жалпы ауданы 7767 м² «Жансая» ТК ауданындағы 30 пәтерлi тұрғын үй.
Мемлекеттiк бюджет. 2016 жылдың 1 сәуiрiне барлық деңгейдегi бюджеттерге 9 599,0 млн. теңге көлемiнде немесе болжамды жоспарға шаққанда 105,7% салық және жиналымдар түстi. 2015 жыл деңгейiне қарағанда түсiмдер 1628,8 млн. теңгеге азайды. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 105,1%-ға (4 592,3 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 5006,7 млн. теңге түстi, бұл кезең болжамының 106,3% құрайды.
Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 63 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде: «Назарбаев интеллектуалды мектептерi» 1 АҚ филиалы — «Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебiн»; жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi); 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер; 1 кешкi жалпы бiлiм беретiн мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебi (жеке); 1 Қазақ-түрiк лицейi. Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды. Қала мектептерiнде оқушылардың саны 20 838 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 9 828 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 518 бала қамтылған, бұл 48,9% құрайды. Оқу процесi екi ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген. Есептi кезеңде қаржыландыру көлемi 1 500,9 млн. теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрайды).
Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 11 мекемеден тұрады: 9 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ. Ағымдағы жыл басынан 561 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 208,7 мың адам қатысқан. Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулар өткiзiлдi. Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 82,9 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрайды).
Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 251 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы. Есеп беру мерзiмiнде 32 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 8,03 мың адам қамтылды. Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 7,2 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 99,6% құрады).
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2016 жылдың 1 сәуiрi жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң ресми есебiнде 256 жұмыссыз тiркелген, немесе 2015 жыл деңгейiне 2,1 рет. Жұмыссыздық деңгейi 0,3% құрады. Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 360 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткiшiнен 1,9 рет артық. Экономиканың әр түрлi салаларында 345 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 19% құрады. «Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 51 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi. Қоғамдық жұмыстарға 95 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау (01.01.2016ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi. Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi. 2016 жылғы 1 наурызы жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 309 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.
Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында Көкшетау қаласының аумағында 1692 қылмыс тiркелген, олардың 287 қылмысы немесе 17,0% ашылды.

Мақаланы құрған күні 19.04.2016 16:50
Мақаланы жаңартқан күні 09.06.2016 11:49
Қаралым саны: 6852
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі