«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Өнеркәсiп.
Өнеркәсiп секторында 2020 жылғы қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 26 154,5 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 141,1%-ға тең.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.
Өнеркәсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (155,2%), 2020 жылдың қаңтар — наурыз айында 16 266,4 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.
Кәсiпкерлiктi дамыту.
2020 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша 2019 жылдың кезеңiне тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 676 бiрлiкке азайды және 18 547 құрады.
Көкшетау қаласының әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында жыл басынан 75 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Инвестициялық сала.
2020 жылдың қаңтар- наурыз айларында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 9 483,8 млн.теңге деңгейiнде құрылды, бұл ретте нақты көлем индексi 110,4% құрады.
Тұрғын үй құрылысы.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 55,736 мың ш. метр тұрғын үй пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 11,152 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 44,584 мың ш. метр.
Мемлекеттiк бюджет.
2020 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджетке 12326,1 млн. теңге көлемiнде салықтар және жиналымдар түстi немесе 83,2% болжамды жоспарға шаққанда. 2019 жылдың деңгейiне түсiмдер 1138,9 млн. теңгеге азайды. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 62,2%-ға (4862,6 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 7463,6 млн. теңге түскен, бұл болжамды кезеңге 106,6% құрайды.
Бiлiм беру.
Көкшетау қаласының бiлiм беру мекемелерiнiң жүйесi 79 бiлiм мекемелерiмен ұсынылған, сонын iшiнде:
жалпы бiлiм беретiн 23 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi (№15,№22) жалпы бiлiм беретiн мектептер. Жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде оқушылардың саны 26 446 оқушыны құрайды.
мектепке дейiнгi 48 ұйымдар (27 мемлекеттiк балабақша, 17 жеке меншiк балабақша 4 шағын орталық), 7 588 бала барады. Мектепке дейiнгi бiлiм берудi қамту 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% және 1 жастан 6 жасқа дейiн 58% құрайды.
Мектепке дейiнгi мекемелерде кезек (0-ден 6 жасқа дейiн) 7 597 балаларды, (3-тен 6 жасқа дейiн) 340 балаларды құрайды. (2020ж.01.02 жағдайы бойынша)
Мектепке дейiнгi орындардың сұраныстарын төмендету мақсатында 2019 жылы қосымша «Нұрбала» (280 орын), «Zerek» (280 орын) 2 мемлекеттiк балабақша және «Балдаурен» (30 орын) жеке балабақша еңгiзу есебiнен қосымша мектепке дейiнгi 590 орындар ашылды.
«Мейiрiм» балаларды түзету дамыту орталығы және қосымша бiлiм беру 5 мекеме («Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, ШҚКМ «Балалар музыкалық мектебi», ШҚКМ «Балалар өнер мектебi», «Көкшетау дарыны», еңбекке үйрету оқу кәсiпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы) қызмет жасайды.
Оқу барысы екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.
Мәдениет.
Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi келесi мекемелерден тұрады: 12 кiтапхана, 2 клуб мекемелерi, 2 театр, 4 мұражай, 1 кинотеатр, 1 филармония.
Ағымдағы жыл басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 684 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 153,6 мың адам қатысқан.
Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.
Спорт.
Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 301 спорттық нысан қызмет жасайды, соның iшiнде: 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 1 «Бурабай» спорт сарайы, 7 спорт кешенi, 3 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 спорттық манеж, 80 спорт залы, 133 аула алаңдары, 17 хоккей корты, 7 теннис кездiгi, 1 ипподром, 29 орнатылған спорт залдар.
Есептi кезеңде жалпы 7,7 мың адамды қамтитын 42 спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлдi.
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау.
2020 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 508 жұмыссыз тiркелген, немесе 2019 жыл көрсеткiшiнен 5,0% жоғары.
Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 363 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 0,8% жоғары.
2020 жылдың 1 сәуiр жағдайы бойынша деректер базасында қаланың 34 кәсiпорындары мен мекемелерiнен 436 орындар тiркелген.
Экономиканың әр түрлi салаларында 355 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2020 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 14,5% құрады.
«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 31 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 88 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.
Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жылына 24,0 мың литрге дейiн облыстық Қан орталығы бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана қызмет көрсетедi.
2020 жылдың 1 қантары жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 1119 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.
Қылмыс.
Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеу Бiрiңғай тiзiлiмiнде 2020 жылдың қаңтар-наурыз айында Көкшетау қаласының аумағында барлығы 943 қылмыс тiркелген, олардың 287 қылмысы әшкереленген.
ПОШТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: | 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 |
ТЕЛЕФОН: | 87162297841 |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ: | economy_kokshe@mail.kz |