«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2016 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

2016 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша
Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық
дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп секторында 2016 жылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 25 746,5 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 116,3%-ға тең. Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелердің қалыптасуына өңдеу өнеркәсібі көп әсерін тигізеді. Өнеркісіп өндірісінің құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (62,8%), 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында 16 168,4 млн. теңгеге өнім өндірілді.

Кәсіпкерлік дамуы. 2016 жылғы 1 мамырына Көкшетау қаласында шағын бизнестің 3508 субъектісі – заңды тұлғалар тіркелген, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 107,3% құрады. Әрекет етуші және жаңа құрылған шағын бизнес кәсіпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 294 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарына 65,3% құрайды (450 жұмыс орны).

Инвестиция саласы. 2016 жылдың қаңтар- сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7 052,4 млн.теңге деңгейінде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексі 107,7% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылдың есепті кезеңінің қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы ауданы 47 179 м² болатын тұрғын үй енгізілді, немесе 2015 жыл көрсеткішінен 2,3 есе жоғары. Соның ішінде: жалпы ауданы 31 055 м² болатын 209 жеке тұрғын үйлер, жалпы ауданы 8 357 м² болатын Әуелбеков көшесі 169 А, («Престиж Кокше» ЖШС) 41 пәтерлі тұрғын үй, жалпы ауданы 7767 м² «Жансая» ТК ауданындағы 30 пәтерлі тұрғын үй.

Мемлекеттік бюджет. 2016 жылдың 1 мамыры жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 14 131 млн. теңге көлемінде немесе болжамды жоспарға шаққанда 110,6% салық және жиналымдар түсті. 2015 жыл деңгейіне қарағанда түсімдер 2376,8 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлінетін қаражат жоспары 117,5%-ға (7 293,3 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 6837,7 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 104% құрайды.

Білім. Көкшетау қаласының білім беру желісін 63 білім мекемелері құрайды, сонын ішінде: «Назарбаев интеллектуалды мектептері» 1 АҚ филиалы – «Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебін»; жалпы білім беретін 22 орта мектептер (күндізгі); 2 негізгі жалпы білім беретін мектептер; 1 кешкі жалпы білім беретін мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебі (жеке); 1 Қазақ-түрік лицейі. Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебі, өнер мектебі, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды. Қала мектептерінде оқушылардың саны 22 907 оқушы құрайды, соның ішінде бастауыш сыныптарда – 9 828 оқушы. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейін 6 518 бала қамтылған, бұл 48,9% құрайды. Оқу процесі екі ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерінің барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желісіне кіру мүкіндігімен қамтамасыз етілген. Есепті кезеңде қаржыландыру көлемі 1 500,9 млн. теңгені құрады (есепті кезең жоспарының 100,0% құрайды).

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттік жүйесі 11 мекемеден тұрады: 9 кітапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ. Ағымдағы жыл басынан 735 іс-шаралары өткізілді, оған 275,9 мың адам қатысқан. Есепті кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңіл көтеру бағдарламалары, байқаулар өткізілді. Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемі 125,1 млн.теңгені құрады (есепті кезең жоспарының 100,0% құрайды).

Спорт. Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану үшін қалада 251 спорттық нысан жұмыс істейді, соның ішінде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешені, оның ішінде 3-інің бассейні бар, 68 спорт залы, 2 жеңіл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирі, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездіктері, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебі, 1 теннис кездігі, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы. Есепті мерзімінде 47 спорттық-бұқаралық шара өткізілді 11,0 мың адам қамтылды. Спорт мекемелерін қаржыландыру көлемі 12,9 млн.теңгені құрады (есепті кезең жоспарының 100,0% құрады).

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтік қорғау. 2016 жылдың 1 мамыры жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми есебінде 262 жұмыссыз тіркелген, немесе 2015 жыл деңгейіне 1,7 рет. Жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады. Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкілетті органдардың көмегімен 494 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2,0 рет артық. Экономиканың әр түрлі салаларында 418 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне 23,0% құрады. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 70 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесі негізінен мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі. Қоғамдық жұмыстарға 118 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау (01.04.2016ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желісі орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрігерлік амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмекті жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетеді. Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жылына 24,0 мың литрлік облыстық Қан орталығы, бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс істейді. 2016 жылғы 1 сәуірі жағдайына демографиялық үрдіс халық санының 494 адамға өсуімен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасының деректері бойынша 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында Көкшетау қаласының аумағында 2119 қылмыс тіркелген, олардың 396 қылмысы немесе 18,7% ашылды.

Мақаланы құрған күні 09.06.2016 11:03
Мақаланы жаңартқан күні 09.06.2016 11:03
Қаралым саны: 4694
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі