«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2016 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2016 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 31 506,7 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 109,4%-ға тең.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.

Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (64,4%), 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында 20 301,7 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiк дамуы. 2016 жылғы 1 маусымы жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 3525 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 107,3% құрады.

Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 300 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарына 66,7% құрайды (450 жұмыс орны).

Инвестиция саласы. 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 8 931,5 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 107,4% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылдың есептi кезеңiнiң қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы ауданы 75 397 ш.м болатын тұрғын үй енгiзiлдi. Соның iшiнде: жалпы ауданы 31 300 ш.м болатын 211 жеке тұрғын үйлер, жалпы ауданы 8 357 ш.м болатын Әуелбеков көшесi 169 А, («Престиж Кокше» ЖШС) 41 пәтерлi тұрғын үй, жалпы ауданы 7767 ш.м «Жансая» ТК ауданындағы 30 пәтерлi тұрғын үй, жалпы ауданы 8 535 ш.м болатын Горький көшесi, 95 («Көкшетау Сити 2050» ЖШС) 96 пәтерлi тұрғын үй, жалпы ауданы 18 783 ш.м болатын 179 пәтерлi тұрғын үй («Сауда» ЖШС КГС) және жалпы ауданы 655ш.м болатын әйелдер консультациясы ғимаратын қайта жөндеу.

Мемлекеттiк бюджет. 2016 жылдың 1 маусымы жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 17 857,6 млн. теңге көлемiнде немесе болжамды жоспарға шаққанда 108% салық және жиналымдар түстi.

2015 жыл деңгейiне қарағанда түсiмдер 3292,3 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 116,4%-ға (9340,4 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 8 517,2 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 100,1% құрайды.

Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 63 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:

«Назарбаев интеллектуалды мектептерi» 1 АҚ филиалы — «Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебiн»; жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi); 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер; 1 кешкi жалпы бiлiм беретiн мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебi (жеке); 1 Қазақ-түрiк лицейi.

Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды.

Қала мектептерiнде оқушылардың саны 22 907 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 9 828 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 558 бала қамтылған, бұл 49,2%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 81,5% құрайды.

Оқу процесi екi ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 11 мекемеден тұрады: 9 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.

Ағымдағы жыл басынан 909 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 343,4мың адам қатысқан.

Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулар өткiзiлдi.

Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 149,4 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 99,8% құрайды).

Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 251 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы.

Есептi мерзiмiнде 55 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 13,3 мың адам қамтылды.

Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 17,4 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2016 жылдың 1 маусымы жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң ресми есебiнде 221 жұмыссыз тiркелген, немесе 2015 жыл деңгейiне 1,3 рет. Жұмыссыздық деңгейi 0,2% құрады.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 580 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткiшiнен 2,0 рет артық.

Экономиканың әр түрлi салаларында 547 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 30,1% құрады.

«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 76 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi. Қоғамдық жұмыстарға 118 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау (01.05.2016ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.

2016 жылғы 1 маусымы жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 687 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында Көкшетау қаласының аумағында 2443 қылмыс тiркелген, олардың 516 қылмысы немесе 21,1% әшкереленген.

Мақаланы құрған күні 28.06.2016 10:07
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2016 10:07
Қаралым саны: 3967
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі