«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2017 жылдың қаңтар- тамыз айлары бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2017 жылғы қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 61 590,2 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 94,3%-ға тең.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.

Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (71,5%), 2017 жылдың қаңтар- тамыз айында 44044,6 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамуы. 2017 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 19192 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiне 97,1% құрады.

Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 316 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарына 52,1% құрайды (606 жұмыс орны).

Инвестициялық саласы. 2017 жылдың қаңтар- тамыз айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 18254,9 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 101,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылдың қаңтар- тамыз айында 121,533 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 41,950 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 42,102 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй- 32,790 мың ш. метр,басқа-4,691 мың ш. метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2017 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 32494,1 млн. теңге көлемiнде немесе болжамды жоспарға шаққанда 105,5% салық және жиналымдар түстi. 2016 жыл деңгейiне түсiмдер 2739,9 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 110,3%-ға (18093,3 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 16203,8 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 100,7% құрайды.

Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 73 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:

жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi); 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер; 1 кешкi жалпы бiлiм беретiн мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебi (жеке), 42 мектепке дейiнгi ұйымдар (24 мемлекеттiк, 12 жеке меншiк, шағын орталықтар, 2 ясли). Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды.

Қала мектептерiнде оқушылардың саны 22 907 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 9 828 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 469 бала қамтылған, бұл 50,6%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 87,5% құрайды.

Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 11 мекемеден тұрады: 9 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.

Ағымдағы жыл басынан 1905 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 555,4 мың адам қатысқан.

Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.

Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 459,3 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100% құрайды).

Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 274 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы.

Есептi мерзiмiнде 66 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 13,7 мың адам қамтылды.

Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 32,8 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2017 жылдың 1 қыркүйек жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 296 жұмыссыз тiркелген, немесе 2016 жыл көрсеткiшiнен 17% жоғары.

Жұмыссыздық деңгейi 0,3% құрады.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 1087 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2016 жылдың көрсеткiшiнен 17,1% төмен.

Экономиканың әр түрлi салаларында 1429 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 74,8% құрады.

«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 156 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi.

Қоғамдық жұмыстарға 221 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау (01.07.2017ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.

2017 жылғы 1 шiлде жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 940 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2017 жылдың қаңтар- тамыз айында Көкшетау қаласының аумағында 2916 қылмыс тiркелген, олардың 938 қылмысы әшкереленген.

Бөлiм басшысы                                                                                                          Шұқатова Г.

Мақаланы құрған күні 21.09.2017 16:08
Мақаланы жаңартқан күні 21.09.2017 16:08
Қаралым саны: 4380
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі