«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың қаңтар-тамыз айы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2020 жылғы қаңтар-тамыз қорытындылары бойынша өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 91 939,5 млн.теңгенi құрады, нақты көлем индексi 137,6%.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердi қалыптастыруға өңдеу өнеркәсiбi барынша әсер етедi.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (77,7%) 2020 жылғы қаңтар-тамызда 71 413,8 млн.теңге сомасына өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегi жағдай бойынша тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2019 жылдың кезеңiне 413 бiрлiкке төмендеп, 18 967-i құрады.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған кәсiпорындарында жыл басынан берi 527 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткiзу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 98 566,0 млн.теңгенi немесе өткен жылдың көрсеткiшiне 93,4% құрады.

Инвестициялық сала. 2020 жылғы қаңтар-тамызда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 45 580,5 млн. теңге деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексi 168,6% — ы құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2020 жылғы қаңтар-тамызда 122,899 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: ЖТҚ — 27,681 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 95,218 мың шаршы метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2020 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 34 607,9 млн.теңге көлемiнде салықтар мен алымдар түстi немесе жоспар-болжамға 102,2%. 2019 жылғы деңгейге қарағанда түсiмдер 3 148,5 млн. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 99,8% — ға орындалды (13 301,2 млн.теңге). Жергiлiктi бюджетке 21 306,7 млн. теңге түстi, бұл кезең болжамының 103,8% — ын құрайды.

Бiлiм. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi Көкшетауда 78 бiлiм беру ұйымы бар, оның iшiнде: 23 жалпы орта бiлiм беру мектебi (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беру мектебi, 47 мектепке дейiнгi ұйым (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк және 1 жеке), 16 жеке меншiк балабақша), "Мейiрiм" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша бiлiм беру мекемесi ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебi" МКҚК, "Балалар көркемөнер мектебi" МКҚК, Еңбекке баулу оқу кәсiпорны, дарынды балаларды дамыту орталығы"Көкшетау дарыны".

Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды.

Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 6 986 бала қамтылған, бұл 58%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6 771 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледi.).

Бiлiм беру процессi екi ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептерi компьютерлендiрiлген, Интернет желiсiне қол жеткiзе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк желiсi 15 мекемеден тұрады, оның iшiнде: 12 кiтапхана, 1 тiлдердi оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 1563 iс-шара өткiзiлiп, оған 612,7 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткiзiлдi.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 301 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 7 спорт кешенi, 3 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 жеңiл атлетика манежi, 80 спорт залы, 133 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 29 салынған спорт залы.

Есептi кезеңде жалпы 7,7 мың адамды қамтитын 46 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.

Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау. 2020 жылғы 1 қыркүйегi жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 796 жұмыссыз тұр, бұл 2019 жылғы көрсеткiштен 41,4% жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның көмегiмен 2158 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 34,6% — ға жоғары.

2020 жылғы 1 қыркүйегi жағдай бойынша деректер базасында қаланың 85 кәсiпорны мен мекемелерiнен 657 бос жұмыс орны тiркелген. Еңбек нарығындағы шиеленiс коэффициентi 1,2 құрады.

Экономиканың түрлi салаларында 2561 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2020 жылға жоспарланған көрсеткiштiң 94,3% — ын құрайды.

"Жастар тәжiрибесi" бағдарламасы аясында 125 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде ұйымдастырылады.

Есептi кезеңде әлеуметтiк жұмыс орындары 48 жұмыссыз үшiн ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткiшiнен 38,5%-ға төмен.

Қоғамдық жұмыстарға 333 адам жiберiлдi, бұл 2019 жылғы деңгейден 60,1% жоғары.

Қылмыс. 2020 жылдың қаңтар-тамызында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде барлығы 1 828 қылмыс тiркелдi, оның iшiнде 795 қылмыс ашылды. Сотқа 319 iс жiберiлдi.

Мақаланы құрған күні 17.09.2020 11:19
Мақаланы жаңартқан күні 17.09.2020 11:19
Қаралым саны: 2506
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі