«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңы

Мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

Осы Заң тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауына қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар:

1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтер;

2) кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулi қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтер;

3) iссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;

4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырма және оны орындау шеңберiнде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

5) жарналар (салымдар) енгiзу, оның iшiнде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгiзу;

6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымына кiретiн ұйымдар және дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi немесе оның сенiмгерлiк басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

7) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысының құрамына кiретiн әскери және қосарлы мақсаттағы (қолданудағы) тауарлар (өнiмдер), жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер;

8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген операцияларды жүргiзу кезiнде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер қосылмайды.

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аукцион адымы — аукцион нысанасының бағасы төмендетiлетiн ақшалай аралық;

2) әлеуеттi өнiм берушi — мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшiк құқығымен тиесiлi тұрғынжайды тапсырыс берушiлер сатып алған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;

3) әлеуеттi өнiм берушiнiң үлестес тұлғасы — осы әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

4) бастапқы баға — әлеуеттi өнiм берушi аукцион өткiзiлгенге дейiн ұсынған, аукционға қатысуға өтiнiмге қоса берiлетiн баға;

5) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер — бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

6) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары — дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекеттiк кәсiпорындарға, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға тиесiлi заңды тұлғалар. Жанама тиесiлiлiк өзге заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызының әрбiр келесi үлестес тұлғаға тиесiлi болатынын бiлдiредi;

7) демпингтiк баға — конкурсқа қатысушы жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негiздемеде көрсетiлген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылатын баға. Техникалық-экономикалық негiздеменi және жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарға баға, егер баға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылған жағдайда демпингтiк деп танылады;

8) жұмыстар — заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

9) конкурстық баға ұсынысы — конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, конкурсқа қатысуға өтiнiмге қоса берiлетiн баға;

10) конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) — осы Заңда көзделген конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган. Конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) тақ саннан, бiрақ кемiнде үш адамнан тұруға тиiс;

11) конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) — конкурсқа (аукционға) қатысуға өтiнiмдi дайындау үшiн әлеуеттi өнiм берушiге ұсынылатын құжаттама, онда конкурсқа (аукционға) қатысуға өтiнiмге қойылатын талаптар, конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi қамтылады;

12) көрсетiлетiн қызметтер — тапсырыс берушiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;

13) Қазақстан Республикасының резиденттерi — шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;

14) мемлекеттiк сатып алу — осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;

15) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы — мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетiлетiн қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесi;

16) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдiгi немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкiмдiгi айқындаған, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

17) мемлекеттiк сатып алудың сәйкестендiру коды — мемлекеттiк сатып алудың барлық кезеңдерi туралы ақпарат қамтылған, әрбiр мемлекеттiк сатып алуға (лотқа) берiлетiн сәйкестендiру нөмiрi;

18) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi — әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;

19) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi — әлеуеттi өнiм берушi, өнiм берушi, тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор, уәкiлеттi орган, сарапшы;

20) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор — мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

21) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) — мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

22) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт — осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

23) нұсқама — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою үшiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн, орындалуы мiндеттi уәкiлеттi органның актiсi;

24) өнiм берушi — тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагентi ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшiк құқығымен тиесiлi тұрғынжайды тапсырыс берушiлер сатып алған жағдайда, мұндай жеке тұлға өнiм берушi болуы мүмкiн;

25) сараптама комиссиясы — сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшiн сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс берушi құратын алқалы орган;

26) сарапшы — сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс берушi тартатын, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу саласында тиiстi құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәлiктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық бiлiмi, тәжiрибесi мен бiлiктiлiгi бар жеке тұлға;

27) тапсырыс берушiлер — ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымына кiретiн ұйымдарды және дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi немесе оның сенiмгерлiк басқаруындағы заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

28) тауарлар — нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

29) тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге бағалардың дерекқоры — мемлекеттiк сатып алу веб-порталының бiр бөлiгi болып табылатын, мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қалыптасқан ең төмен, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық кiшi жүйе;

30) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң анықтамалығы (бұдан әрi — анықтамалық) — өзiнiң бiрегей коды бар, мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жүйеленген тiзбесi;

31) ұлттық режим — егер мұндай режимдi ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленсе, шетелде шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiлерге отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, көрсетiлетiн қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiлермен тең шарттарда мемлекеттiк сатып алуға қатысуға рұқсат берудi көздейтiн режим;

32) шартты баға — конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға.

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге де қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

4-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру:

1) мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;

2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктер беру;

3) әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;

4) мемлекеттiк сатып алу процесiнiң ашықтығы мен айқындығы;

5) отандық тауар өндiрушiлерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн шамада қолдау көрсету;

6) мемлекеттiк сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлiгi;

7) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеу;

8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаттарына негiзделедi.

5-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесi

1. Мемлекеттiк сатып алу процесi:

1) мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзiрлеудi және бекiтудi;

2) өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;

3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтиды.

Осы тармақтың ережелерi — жүзеге асырылуы осы Заңның 50-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

2. Тапсырыс берушi тиiстi бюджеттiң (даму жоспарының) негiзiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртiппен және нысанда мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi.

Тапсырыс берушi тиiстi бюджет комиссиясының оң ұсынысы негiзiнде мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге құқылы.

Мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары бекiтiлгенге дейiн қолданылады.

Мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына ауысады.

Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджет (даму жоспары) бекiтiлген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi (нақтылайды).

Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) мынадай мәлiметтер:

1) мемлекеттiк сатып алудың сәйкестендiру коды;

2) қосылған құн салығын есепке алмай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы;

3) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмдерi;

4) тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерi мен орны;

5) осы Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбiр қаржы жылына бөлiнген және көзделген сомалар шегiнде графикке және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерi;

6) осы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру шарттары қамтылуға тиiс.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың алтыншы бөлiгiнiң 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында бекiтедi. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 153-бабының 7-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.

Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу басымдығын негiзге алуға тиiс.

3. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, оны мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.

4. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртiппен, айына бiр реттен асырмай мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы.

Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.

5. Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгiзiлуге жатпайды.

6. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген не нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) негiзiнде қабылдайды.

Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тиiстi бюджет бекiтiлгенге дейiн, екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, қабылдауға құқылы.

7. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.

8. Осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi таңдау осы Заңдa айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

9. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға дейiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарының құпиялылығын қамтамасыз етедi.

10. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқанға дейiн:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттi, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезiнде болған, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушiнiң бюджетiне (даму жоспарына) мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгiн жоққа шығаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бағытталған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

11. Тапсырыс берушi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 10-тармағында көрсетiлген шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:

1) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешiм туралы хабардар етуге;

2) енгiзiлген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтiнiмдердi қамтамасыз етудi қайтаруға мiндеттi.

6-бап. Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер

1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:

1) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшыларының және (немесе) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнiм берушiнi таңдау туралы шешiм қабылдау құқығына ие болса не өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi болып табылса;

2) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның жұмыскерi тапсырыс берушiге не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiнiң жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын объектiнiң құрылысына арналған техникалық-экономикалық негiздеменi және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретiнде қатысса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Бұл талап халықаралық құрылыс стандарттарына сәйкес iске асырылатын жобаларға қолданылмайды;

3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiндегi заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;

4) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болса;

5) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы болса;

6) әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;

7) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) баланстық құны тиiстi негiзгi қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкiне тыйым салынса;

8) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған мiндеттемелерi болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды және мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган оларды Борышкерлердiң бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзсе;

9) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезидентi — әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса;

10) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгер (бiрлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлерi) терроризм мен экстремизмдi қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тiзбесiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен енгiзiлсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

2. Әлеуеттi өнiм берушi мен әлеуеттi өнiм берушiнiң үлестес тұлғасының бiр конкурс (аукцион) лотына қатысуға құқығы жоқ.

3. Мемлекеттiк сатып алу соның мүдделерiнде жүзеге асырылатын тапсырыс берушiнiң осындай сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға құқығы жоқ.

4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын бұзушылықтарды тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы, уәкiлеттi орган не мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

5. Уәкiлеттi орган не мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органы осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын бұзушылық фактiлерi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл жөнiнде:

1) егер осындай факт мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейiн анықталған болса, тапсырыс берушiнi;

2) егер осындай факт мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалғанға дейiн анықталған болса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етедi.

Бұл ретте осы фактiнi растайтын құжаттардың көшiрмелерi хабарламаға қоса берiлуге тиiс.

7-бап. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртiбi

1. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға ретiнде әрекет ететiн жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң алда болатын мемлекеттiк сатып алуда мүдделерiн бiлдiретiн лауазымды адамын айқындайды.

2. Тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет ете алады.

Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы етiп тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекеменi айқындауға құқылы.

3. Тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме үшiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.

4. Тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме үшiн тапсырыс берушi олардың арасынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.

5. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеме, оған қатысты өзi мемлекеттiк басқару органы ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға не оған қатысты бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк басқару органы ретiнде әрекет ететiн заңды тұлғамен үлестес тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.

Мемлекеттiк кәсiпорын өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.

Дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.

6. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға ретiнде әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiмен, әлеуеттi өнiм берушiлермен, тиiстi комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзiнiң атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамды айқындауға мiндеттi. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң жұмыскерлерi қатарынан айқындалуға тиiс.

8-бап. Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi

1. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi тапсырыс берушiлер үшiн мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi уәкiлеттi орган айқындайтын бюджеттiк бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бойынша орындайды;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдiгi тапсырыс берушiлер үшiн мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдiгi айқындайтын бюджеттiк бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша орындайды;

3) ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкiмдiгi тапсырыс берушiлер үшiн мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi тиiстi ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкiмдiгi айқындайтын бюджеттiк бағдарламалар және (немесе) тауралар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша орындайды.

2. Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды мынадай дәйектi кезеңдердi:

1) тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгiленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге тапсырманы ұсынуын;

2) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушi ұсынған, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгiленген құжаттарды қамтитын тапсырма негiзiнде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзiрлеуiн және бекiтуiн;

3) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындауын және бекiтуiн сақтай отырып өткiзедi.

Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекiтетiн конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамына тапсырыс берушiнiң өкiлдерi де кiредi, бұл ретте:

осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырған және өткiзген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы айқындалуға тиiс;

мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырған және өткiзген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын орталық атқарушы органның бiрiншi басшысы айқындайды;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырған және өткiзген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмi айқындалуға тиiс;

осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырған және өткiзген жағдайда, конкустық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тиiстi ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкiмi айқындалуға тиiс.

4) қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiн;

5) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарландыруды мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастыруын;

6) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушiге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн алған, мемлекеттiк сатып алу веб-порталына автоматты түрде тiркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулердi жiберуiн;

7) конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындауды;

8) тапсырыс берушiнiң осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттама негiзiнде жеңiмпазбен мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасуын сақтай отырып өткiзедi.

3. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтiлген не мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ақпаратты бередi.

4. Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруы және өткiзуi осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап. Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1. Әлеуеттi өнiм берушiлерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

1) құқық қабiлеттiлiгiнiң (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық әрекетке қабiлеттiлiгiнiң (жеке тұлғалар үшiн) болуы;

2) төлем қабiлеттiлiгiнiң болуы, салық берешегiнiң болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсiмiне жатқызылмауы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi, тиiстi материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

5) жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.

Осы тармақтың 5) тармақшасының талабы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес белгiленедi.

2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген:

1) мемлекеттiк сатып алуға әлеуеттi өнiм берушiлердiң қатысуын шектейтiн және негiзсiз күрделендiретiн;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау қажеттiгiнен тiкелей туындамайтын бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.

3. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиiстi құжаттарды ұсынады.

4. Қазақстан Республикасының бейрезидентi — әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезидентi — әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы ұқсас мәлiметтердi растайтын құжаттарды ұсынады.

5. Айналысуы үшiн рұқсат алу, хабарлама жiберу қажет болатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқық қабiлеттiлiгi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерi арқылы расталады.

Мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнде мәлiметтер болмаған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жiберiлген) тиiстi рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады.

6. Осы баптың 1-тармағында белгiленген бiлiктiлiк талаптары — әлеуеттi өнiм берушi өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгер не қызметтер көрсету бойынша бiрлесiп орындаушы ретiнде тартуды көздейтiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға да қолданылады.

Жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларын) тартуды көздейтiн әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарға не көрсетiлетiн қызметтерге тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы баптың 1-тармағында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиiс.

Жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн орындау үшiн қосалқы мердiгерлер (бiрлесiп орындаушыларды) тартылған жағдайда, олардың осы баптың 1-тармағына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер түрiне берiледi.

Жұмыстарды орындау не қызметтердi көрсету үшiн қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) берiлуi мүмкiн жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң шектi көлемi орындалатын жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтердiң жиынтық түрде үштен екiсiнен аспауға тиiс.

Бұл ретте қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтердi көрсету көлемдерiн өзге де қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

7. Бiлiктiлiк талаптары осы Заңның 37, 38-баптарында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында және 42-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

8. Осы Заңның 31, 50-баптарында және 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.

10-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тану негiздерi

1. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушысының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжат (құжаттар) ұсынбағанда;

2) әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң сәйкестiгiн растау үшiн ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушысының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi фактiсi анықталғанда;

3) бiлiктiлiк талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактiсi анықталғанда бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылады.

2. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiн (бiрлесiп орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жол берiлмейдi.

11-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнiң анық емес ақпарат беруiнiң салдарлары

1. Өздерiнiң конкурс (аукцион) жеңiмпазы болуына мүмкiндiк берген анық емес ақпарат ұсынған, соның нәтижелерi бойынша өздерiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған әлеуеттi өнiм берушiлер осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiледi.

2. Әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын ақпараттың анықтығын тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы, уәкiлеттi орган не мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

3. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурс (аукцион) жеңiмпазы болуына мүмкiндiк берген анық емес ақпаратты беру фактiсiн анықтаған уәкiлеттi орган не мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл жөнiнде:

1) егер мұндай факт мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейiн анықталған болса, тапсырыс берушiнi;

2) егер мұндай факт мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалғанға дейiн анықталған болса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етедi.

Бұл ретте хабарламаға осындай фактiнi растайтын құжаттардың көшiрмелерi қоса берiлуге тиiс.

12-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласында қалыптастырылатын тiзiлiмдер

1. Уәкiлеттi орган мынадай:

1) тапсырыс берушiлердiң;

2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың;

3) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың;

4) бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы республикалық тiзiлiмдерiн (бұдан әрi — тiзiлiмдер) қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады.

2. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi — өздерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметтi орындауы үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi заңды тұлғалардың тiзбесiн бiлдiредi.

3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi тапсырыс берушiлер тиiстi қаржы жылында жасасқан мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесiн бiлдiредi және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткiштерi туралы, тараптардың шарттық мiндеттемелердi орындау нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтиды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне мәлiметтер енгiзудi тапсырыс берушi:

тиiстi қаржы жылында мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша — мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi) — қол қойған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша — төлем жүргiзiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшаларында және 50-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзуге жатпайды.

4. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi:

1) тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды бiржақты тәртiппен бұзған, орындалуы барысында өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтiндiгi немесе өзiнiң осындай талаптарға сәйкестiгi туралы анық емес ақпарат бергенi, соның нәтижелерi бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңiмпазы болуына мүмкiндiк бергенi анықталған өнiм берушiлердiң;

2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңiмпаздар деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлердiң (екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң);

3) өздерiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесiн бiлдiредi.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда, тапсырыс берушi өзiне өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы белгiлi болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, осындай әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге мiндеттi.

5. Осы баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi заңды күшiне енген сот шешiмдерiнiң негiзiнде қалыптастырылады.

Осы баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi уәкiлеттi органның әлеуеттi өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi негiзiнде қалыптастырылады.

6. Осы баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жиырма төрт ай iшiнде мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.

Осы баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер уәкiлеттi орган оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiм қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай iшiнде мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.

Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей көрсетiлген тiзiлiмнен алып тасталады.

7. Әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауына болады.

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмдерде қамтылған мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлемақы алынбастан, танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдi болуға тиiс.

9. Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзiлiмi — мемлекеттiк сатып алу саласындағы тiзiлiмдердi қалыптастыру және жүргiзу қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн бiлдiредi.

10. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiне осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 2), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлер мен өнiм берушiлер енгiзiлмейдi.

13-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi

1. Мемлекеттiк сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрi:

1) конкурс (ашық конкурс, бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурс, екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурс);

2) аукциондарда;

3) баға ұсыныстарын сұрату;

4) бiр көзден алу;

5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

2. Тапсырыс берушi осы Заңға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн айқындайды.

3. Мемлекеттiк сатып алу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.

4. Тапсырыс берушi өзiнiң филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жылдық көлемiн негiзге ала отырып, тапсырыс берушiнiң атынан осындай мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушiнiң филиалы (өкiлдiгi) тiкелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлiн айқындауға құқылы.

5. Жаңарту тәртiбiмен шығарылатын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтар тiзбесiнде тапсырыс берушiнiң талаптарына сәйкес келетiн тауарлар болған жағдайда, тапсырыс берушi ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жаңарту тәртiбiмен шығарылатын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте көлiк шығыстары, оның iшiнде тауарды тиеуге-түсiруге байланысты шығыстар тапсырыс берушiнiң есебiнен жүзеге асырылады.

Жаңарту тәртiбiмен шығарылатын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының тiзбесiн мемлекеттiк материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi орган қалыптастырады және ол мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.

14-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ұлттық режимдi қолдану

1. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиiсiнше шетелдiк әлеуеттi өнiм берушiлер орындайтын жұмыстарға, көрсететiн қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда ұлттық режим қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi ерекше жағдайларда, екi жылдан аспайтын мерзiмге ұлттық режимнен алып тастауды белгiлеуге құқылы.

3. Ұлттық режимнен алып тастауды белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттiк сатып алу саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

2) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

16-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекiтедi;

2) Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң мемлекеттiк сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгiзiлген отандық тауар өндiрушiлерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, қорыту және талдау қағидаларын бекiтедi;

3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекiтедi;

4) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық iркiлiстер туындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу веб-порталының жұмыс iстеу қағидаларын бекiтедi;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның iшiнде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған кезде мемлекеттiк сатып алуға қатысушылар ұсынған есептiк деректердiң, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексередi;

6) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасқанға дейiн, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушiлер мен конкурстық комиссиялардың (аукциондық комиссиялардың) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы шешiм қабылдайды;

7) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиiстi саладағы уәкiлеттi органдар әзiрлейтiн және бекiтетiн үлгiлiк конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер түрлерiнiң тiзбесiн айқындайды;

8) мемлекеттiк сатып алу саласында өз қызметiн жүзеге асыратын жұмыскерлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын бекiтедi;

9) мемлекеттiк сатып алу саласындағы тiзiлiмдердi қалыптастыру және жүргiзу қағидаларын бекiтедi;

10) мемлекеттiк сатып алуға қатысушылардан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады;

11) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартады;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

17-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың өкiлеттiктерi

Мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор:

1) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын дамытуды, қолдауды және жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асырады;

2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын дамыту бойынша жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

3) мемлекеттiк сатып алу субъектiлерiне мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша өтеусiз негiзде қызметтер көрсетедi;

4) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне мемлекеттiк сатып алу веб-порталының жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша өтеусiз негiзде консультациялық көмек көрсетедi;

5) мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастырылған мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;

6) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттiк сатып алу веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады;

7) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн, мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша уәкiлеттi субъектiлермен өзара iс-қимыл жасайды;

8) анықтамалықты енгiзе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге бағалардың дерекқорын енгiзудi және оны қолдауды жүзеге асырады.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУДЫ ӨТКIЗУДI БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ

18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды "Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

2. Бақылау объектiлерi:

1) тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бiрыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;

2) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу нысанасы шегiнде әлеуеттi өнiм берушi, өнiм берушi, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгерлер не қызметтер көрсету бойынша бiрлескен атқарушылар ретiнде тартатын тұлғалар;

3) тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алуға қатысатын тұлғалар;

4) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор болып табылады.

3. Уәкiлеттi орган тексерулердi мынадай жағдайлардың бiрi басталған кезде:

1) тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағым жасап әлеуеттi өнiм берушi, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнiм берушi не олардың уәкiлеттi өкiлi жазбаша өтiнiш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;

2) құқық қорғау органдарының қаулылары келiп түскен кезде;

3) тәуекелдердi басқару жүйесi арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелерi бойынша жүзеге асырады.

4. Уәкiлеттi орган бақылау iс-шараларын, оның iшiнде камералдық бақылауды жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде мынадай шаралар қабылдайды:

1) бақылау объектiсiне камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқама, хабарлама жiбередi;

2) мiндеттемелерi тиiстi түрде орындалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшiне енген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ашылған бақылау объектiлерiнiң кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ бақылау объектiлерiнiң банк шоттары (корреспонденттiктi қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

5. Бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекет жасау (әрекетсiздiгi) фактiсi анықталған кезде, уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аталған әрекеттiң (әрекетсiздiктiң) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактiнi растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге мiндеттi.

6. Уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.

19-бап. Мемлекеттiк сатып алуды мониторингтеу

1. Мемлекеттiк сатып алуды мониторингтеу мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк сатып алуды мониторингтеудi уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы және ондағы қамтылған ақпарат негiзiнде жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк сатып алуды мониторингтеу нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк сатып алу туралы жыл сайынғы есептi жiбередi.

4. Мемлекеттiк сатып алу туралы жыл сайынғы есептi дайындау қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.

4-тарау. КОНКУРС ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

20-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

1. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурстық құжаттамада лоттарға мiндеттi түрде бөле отырып, көрсетiлген тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.

Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

2. Тауарды беретiн кемiнде бес орын болған жағдайда, конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн лотта тауарды беретiн бiрнеше орынды көрсетуге жол берiледi.

3. Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңiмпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.

5. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындысы бойынша бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келедi деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысады.

Бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлер тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер қатысады.

21-бап. Конкурстық құжаттама

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде әзiрлейдi.

2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 9-бабында белгiленген бiлiктiлiк талаптарынан басқа, мыналар:

1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;

2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық өзiндiк ерекшелiгi қамтылуға тиiс. Бұл ретте техникалық өзiндiк ерекшелiк Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс. Қажет болған кезде техникалық өзiндiк ерекшелiкте нормативтiк-техникалық құжаттама көрсетiледi.

Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететiн жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық құжаттамада техникалық өзiндiк ерекшелiктiң орнына белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиiс;

3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;

4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;

5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;

6) төлем шарттары және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) бағадан басқа өлшемшарттар, соның негiзiнде конкурс жеңiмпазы, оның iшiнде әрбiр осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мәнi және шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады;

8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның iшiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегерiле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру, кедендiк баждарды, салықтар мен алымдарды төлеу шығыстарын, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;

9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрсетiлуге тиiс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын бағам;

10) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасау және ұсыну тiлiне қойылатын талаптар;

11) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзу шарттары, оның мазмұны мен түрлерi;

12) әлеуеттi өнiм берушiнiң өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурсқа қатысуға өз өтiнiмiн өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсету;

13) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсыну тәртiбi, тәсiлi және соңғы мерзiмi және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi;

14) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау тәртiбi;

15) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнi және уақыты;

16) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсiмдерiнiң сипаты;

17) алда болатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi өкiлдерi туралы мәлiметтер;

18) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттары, түрлерi, көлемi және оны енгiзудiң тәсiлi;

19) конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомалар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.

Конкурстық құжаттамада өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы әлеуеттi өнiм берушiлерге неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.

3. Конкурстық құжаттамада осы Заңда көзделмеген жағдайларда, әлеуеттi өнiм берушiлер санының шектелуiне алып келетiн, оның iшiнде мыналарға:

1) әлеуеттi өнiм берушiлерге кез келген өлшенбейтiн сандық және (немесе) әкiмшiлендiрiлмейтiн талаптар белгiлеуге;

2) тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:

негiзгi (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшiн;

тауарды лизингке беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлi сипаттау қажеттiгi туындағанда;

тапсырыс берушiнiң қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттiк сатып алу талаптарын белгiлеуге тыйым салынады.

4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн мынадай өлшемшарттарды:

1) әлеуеттi өнiм берушiде:

өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң;

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, ұсынылатын тауарларға ерiктi сәйкестiктi растау жүргiзiлгенiн растайтын құжаттың;

ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);

Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикiзат тауарына ерiктi сертификаттау жүргiзiлгенiн растайтын құжаттың;

ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiктi растаудың болуын;

2) тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге мiндеттi.

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн есептеу мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

4-1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардан алынған қайталама шикiзат қолданыла отырып өндiрiлген, осы баптың 4-тармағына сәйкес растайтын құжаты бар тауарға басымдық көздеуге мiндеттi.

5. Конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқаратын адам, не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам бекiтедi.

Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы әзiрлеген конкурстық құжаттаманың жобасын мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.

22-бап. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау

1. Конкурстық құжаттаманы бекiтудiң мiндеттi талабы әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.

Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салулар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тапсырыс берушiге, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыға жiберiлуi мүмкiн.

Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде конкурстық құжаттаманы бекiту туралы шешiм қабылданады.

2. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ескертулер болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзiмi өткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi;

2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелердi қабылдамай, оларды қабылдамау себептерiнiң негiздемелерiн көрсетедi;

3) конкурстық құжаттаманың ережелерiне түсiнiк бередi.

Көрсетiлген шешiмдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекiтiлдi деп есептеледi.

Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде және осы баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмдердiң бiрiн қабылдаған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталына конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтiнiн орналастыруға мiндеттi.

Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына келiп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешiмдер туралы ақпаратты қамтуға тиiс.

3. Әлеуеттi өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынатын күннiң соңғы мерзiмi конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтiнiн орналастырған күннен бастап кемiнде күнтiзбелiк он бес күн болуға тиiс.

4. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижелерi бойынша тапсырыс берушiнiң шешiмiне осы Заңда айқындалған тәртiппен шағымдануға болады.

5. Осы баптың талаптары мыналарға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мемлекеттiк сатып алуға;

2) конкурстық құжаттамада техникалық өзiндiк ерекшелiктiң орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететiн жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

23-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн орналастыруға мiндеттi.

2. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күн бұрын мемлекеттiк сатып алу веб-порталында өткiзiлмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуi шартымен, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн орналастыруға мiндеттi.

3. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған және конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 22-бабының талаптары ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес өткiзiледi.

24-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм

1. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға келiсiм бiлдiру түрi, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары мен осы Заңның 6-бабында белгiленген шектеулерге сәйкестiгiн растайтын, өзi туралы мәлiметтер алуға келiсiм бiлдiру түрi болып табылады.

2. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында конкурстық құжаттамада көрсетiлген, өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн бередi.

3. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:

1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтардың болмағандығы туралы;

2) өзiнiң және тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;

3) осы Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетiлген фактiлер анықталған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұзуға келiсуi туралы растауды қамтуға тиiс.

Конкурстық баға ұсынысы, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

4. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмi мынадай:

1) әлеуеттi өнiм берушi осы конкурсқа қатысуға бұрын өтiнiм берген;

2) конкурсқа қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн келiп түскен;

3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;

4) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы оны автоматты түрде қабылдамауға тиiс.

5. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсыну мерзiмiнiң аяқталуынан кешiктiрмей:

1) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) конкурсқа қатысуға өзi енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты оны қайтарып алуға жол берiлмейдi.

6. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық құжаттамада белгiленген талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.

7. Конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерге өтiнiмдердi ашу хаттамасы орналастырылған кезден бастап басқа да әлеуеттi өнiм берушiлердiң осы конкурсқа қатысуға берген өтiнiмдерiн көруге қол жеткiзу қамтамасыз етiледi.

25-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi өзi:

1) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасатындығының;

2) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасқан жағдайда, конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) оны енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды тиiстi түрде орындайтындығының кепiлi ретiнде енгiзедi.

2. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.

3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн:

1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдi ақшалай жарнаны;

2) қағаз жеткiзгiштегi не электрондық құжат нысанындағы банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.

Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн, енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнаға тұтастай не оның бiр бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына алып келетiн әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.

Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.

4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi басталған кезде:

1) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған не екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

2) конкурс жеңiмпазы не екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиiстi түрде орындамаған, оның iшiнде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушiге қайтармайды.

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi басталған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кiрiсiнiң есебiне жатқызылады.

6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi басталған күннен бастап:

1) осы әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн қайтарып алған;

2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушi енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi өзiне қайтарады. Көрсетiлген жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда, үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушi енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi өзiне қайтарады.

7. Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлер тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.

26-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiндегi демпингке қарсы шаралар

Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде әлеуеттi өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттiк деп танылмайтын, жол берiлетiн ең төмен бағаның төмендетiлген сомасына тең мөлшердегi соманы енгiзген жағдайда, демпингтiк баға ұсынуға жол берiледi.

27-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау

1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау мақсатында жүзеге асырады.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық өзiндiк ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.

Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырған және өткiзген кезде, тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық өзiндiк ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшiн сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

Мынадай адам сарапшы бола алмайды:

1) мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiнiң нәтижелерiне мүдделi;

2) тапсырыс берушiмен, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарымен не әлеуеттi өнiм берушiлермен еңбек қатынастарында байланысты;

3) тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарының бiрiншi басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаты болып табылатын адам. Осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс берушi сарапшы ретiнде жұмыс iстеу үшiн тиiстi бейiндегi мемлекеттiк қызметшiлердi не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге мамандануы сәйкес келетiн өзге де мамандарды тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтеусiз негiзде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусiз де негiзде тартылады.

Сарапшылар ретiнде тартылатын мемлекеттiк қызметшiлер не өзге де мамандар осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды.

Сарапшылар ретiнде ақылы негiзде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi нысанасына конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жiберу хаттамасы ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi алдын ала қарау туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.

Конкурсқа қатысуға алдын ала жiберу хаттамасында қабылдамау себептерi егжей-тегжейлi сипатталып, оның iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiнiн растайтын мәлiметтер мен құжаттар көрсетiле отырып, конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдерi қабылданбаған әлеуеттi өнiм берушiлер туралы ақпарат қамтылуға тиiс.

Әлеуеттi өнiм берушiлер бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жiберу хаттамасы ресiмделмейдi.

4. Конкурстық комиссия бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтаған жағдайда, мұндай әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурсқа қатысуға алдын ала жiберу хаттамасы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру құқығын бередi.

Осы Заңның 6-бабын бұзған әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру құқығы берiлмейдi.

5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiрiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау кезiнде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында, тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi осы баптың 4-тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмде жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жiберуiне және өзге де әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда ұсынылған өтiнiм мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келедi деп қарайды.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайта қарау кезiнде конкурсқа қатысуға алдын ала жiберу хаттамасында көзделмеген негiздер бойынша әлеуеттi өнiм берушiлердi қабылдамауына жол бермейдi.

6. Әлеуеттi өнiм берушi осы баптың 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiргеннен кейiн, егер:

1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгер (бiрлесiп орындаушы) осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса;

2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмi осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негiздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейдi деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

7. Егер әлеуеттi өнiм берушi осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмесе, онда конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамада конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдамау үшiн негiз болған, растайтын мәлiметтер мен құжаттар көрсетiле отырып, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн қабылдамаудың негiздемелерi көрсетiледi.

8. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау нәтижелерi бойынша:

1) бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;

2) конкурстық баға ұсынысына осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолданады.

9. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi нысанасына қарау қорытындысы бойынша конкурстық баға ұсынысы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде ашылады.

10. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төмен шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.

Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екiншi орын алған конкурсқа қатысушы ең төмен шартты бағадан кейiнгi келесi баға негiзiнде айқындалады.

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында, оның iшiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң ұқсас түрлерi бойынша мол жұмыс тәжiрибесi бар конкурсқа қатысушы жеңiмпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екiншi орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады. Шартты бағалары тең бiрнеше әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесi тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмi басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерiнен бұрынырақ келiп түскен конкурсқа қатысушы жеңiмпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екiншi орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады.

28-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттама

1. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттама мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және конкурстық комиссияның барлық мүшелерi мен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлер электрондық пошта арқылы бiр мезгiлде хабардар етiле отырып, онда орналастырылады.

2. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамада мынадай:

1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру туралы;

2) осы Заңның 27-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес конкурстық комиссияның сұрау салулары туралы;

3) конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдерi қабылданбаған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн қабылдамау себептерi егжей-тегжейлi сипатталып, оның iшiнде бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiнiн растайтын мәлiметтер мен құжаттар көрсетiле отырып, олар туралы ақпарат;

4) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәлiметтер қамтылуға тиiс.

3. Конкурсқа қатысушы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға Заңда белгiленген тәртiппен шағымдана алады.

29-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзiлмедi деп танудың негiздерi мен салдарлары

1. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтiнiмдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтiнiм ұсынылғанда;

3) егер конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;

4) егер конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе, өткiзiлмедi деп танылады.

2. Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылса, тапсырыс берушi мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;

2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;

3) мемлекеттiк сатып алуды бiр көзден алу тәсiлiмен жүзеге асыру туралы.

3. Тапсырыс берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың өткiзiлмеуi бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды мынадай:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтiнiмдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту жiберiлетiн әлеуеттi өнiм берушiнi тапсырыс берушi айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтiнiм ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiге жiберiледi. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтiнiмде көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиiс;

3) егер конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе, жүзеге асырылады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту, осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, шартты жеңiлдiктi ескере отырып, ең төмен бағамен конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынған әлеуеттi өнiм берушiге жiберiледi;

4) егер конкурсқа қатысуға бiр ғана әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе, жүзеге асырылады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту өзiнiң өтiнiмiнде көзделген шарттарда конкурсқа қатысуға жол берiлген әлеуеттi өнiм берушiге жiберiледi және мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиiс.

30-бап. Екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi өзiндiк ерекшелiгiн тұжырымдау әрi олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;

2) зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе әзiрлемелер жасау қажет болған;

3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай дәйектi кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:

1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:

тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;

мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;

тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;

екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыру;

мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi тұлғаларға техникалық тапсырма беруi;

әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрленген техникалық ұсыныстарды беруi;

сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi талқылау;

сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуi;

мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқаратын адамның, не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiктерiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның бекiтуi;

мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақырту жiберуi;

2) екiншi кезеңде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар жүзеге асырылады.

3. Егер әлеуеттi өнiм берушi екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.

4. Екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

31-бап. Бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу уәкiлеттi орган бекiткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бойынша жүзеге асырылады.

2. Бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай дәйектiлiкпен жүзеге асырылады:

1) бiрiншi кезеңде уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасының және өзге де коммерциялық емес ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзiлiмiн қалыптастырады;

2) екiншi кезеңде тапсырыс берушi бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер арасында конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.

3. Бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға, конкурстық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, конкурсқа қатысуға өтiнiмге, оны қарауға, демпингтiк бағаны ұсынуға, мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қойылатын талаптар осы бапта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңның 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27 және 28-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.

4. Бiлiктiлiктi алдын ала iрiктеумен жүргiзiлетiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

5-тарау. АУКЦИОН ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

32-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

1. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оны өткiзудi мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор қамтамасыз етедi.

2. Аукцион бiр лотқа өткiзiледi, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.

Тауар беретiн бiрнеше орын болған жағдайда, аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн лотта тауар беретiн бiрнеше орынды көрсетуге жол берiледi.

3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындысы бойынша айқындалған, бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.

4. Аукциондық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, аукционға қатысуға өтiнiмге, оны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңның 21-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтарының, 22, 23, 24 және 25-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.

33-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау, аукционға қатысуға жiберу

1. Аукциондық комиссия бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарауды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық өзiндiк ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.

Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырған және өткiзген кезде тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық өзiндiк ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшiн сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

Мынадай адам сарапшы бола алмайды:

1) мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiнiң нәтижелерiне мүдделi;

2) тапсырыс берушiмен, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарымен не әлеуеттi өнiм берушiлермен еңбек қатынастарында байланысты;

3) тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарының бiрiншi басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам. Осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс берушi сарапшы ретiнде жұмыс iстеу үшiн тиiстi бейiндегi мемлекеттiк қызметшiлердi не мамандануы сатып алынатын тауарларға сәйкес келетiн өзге де мамандарды тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтеусiз негiзде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусiз де негiзде тартылады.

Сарапшылар ретiнде тартылатын мемлекеттiк қызметшiлер не өзге де мамандар осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Аукциондық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды.

Сарапшылар ретiнде ақылы негiзде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша аукционға қатысуға алдын ала жiберу хаттамасы ресiмделедi, оған аукциондық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтiнiмдердi алдын ала қарау туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.

Аукционға қатысуға алдын ала жiберу хаттамасында аукционға қатысуға берiлген өтiнiмдерi қабылданбаған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн қабылдамау себептерi егжей-тегжейлi сипатталып, оның iшiнде бiлiктiлiк талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiнiн растайтын мәлiметтер мен құжаттар көрсетiле отырып, олар туралы ақпарат қамтылуға тиiс.

Әлеуеттi өнiм берушiлер бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда, аукционға қатысуға алдын ала жiберу хаттамасы ресiмделмейдi.

4. Аукциондық комиссия бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтаған жағдайда, мұндай әлеуеттi өнiм берушiлерге аукционға қатысуға алдын ала жiберу хаттамасы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аукционға қатысуға өтiнiмдерiн бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру құқығын бередi.

Осы Заңның 6-бабын бұзған әлеуеттi өнiм берушiлерге аукционға қатысуға өтiнiмдерiн бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру құқығы берiлмейдi.

5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiрiлген аукционға қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау кезiнде аукциондық комиссия:

1) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;

2) аукционға қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында, тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.

Аукционға қатысуға өтiнiмдердi осы баптың 4-тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру мерзiмi өткеннен кейiн аукционға қатысуға өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты аукциондық комиссияның сұрау салу жiберуiне және өзге де әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.

Аукционға қатысуға өтiнiмде ұсынылған өтiнiмнiң мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келедi деп қарайды.

Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау кезiнде аукционға қатысуға алдын ала жiберу хаттамасында көзделмеген негiздер бойынша әлеуеттi өнiм берушiлердi қабылдамауына жол берiлмейдi.

6. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдердi осы баптың 4-тармағына сәйкес бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiргеннен кейiн, егер:

1) ол осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса;

2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) оның аукционға қатысуға өтiнiмi осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негiздер бойынша аукциондық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейдi деп айқындалса, аукционға қатысуға жiберiлмейдi (аукционға қатысушы деп танылмайды).

7. Егер әлеуеттi өнiм берушi осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша аукционға қатысуға жiберiлмесе, онда аукционға қатысуға жiберу туралы хаттамада аукционға қатысуға өтiнiмдi қабылдамау үшiн негiз болған, растайтын мәлiметтер мен құжаттар көрсетiле отырып, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн қабылдамаудың негiздемелерi көрсетiледi.

8. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау нәтижелерi бойынша:

1) бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және аукционға қатысушылар деп таниды;

2) аукционға қатысуға жiберу туралы хаттаманы ресiмдейдi.

9. Аукционға қатысуға жiберу туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердi аукционға қатысуға жiберу (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.

Аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға жiберу туралы хаттаманы оған қол қойылған күнi мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастырып, аукционға қатысуға өтiнiмдер берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар етедi.

10. Аукционға қатысуға жiберу туралы аукциондық комиссияның шешiмiне осы Заңның 47-бабында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.

34-бап. Аукцион өткiзу

1. Аукцион мемлекеттiк сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жiберу туралы хаттамада көрсетiлген күнi және уақытта өткiзiледi.

Аукционға қатысуға жiберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екi жұмыс күнi өткеннен кейiнгi келесi жұмыс күнi — аукционды өткiзу күнi болып табылады.

2. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.

3. Өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшiн аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен аукцион өткiзiледi.

Аукцион адымы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшiн аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейiнгiнi құрайды.

4. Аукционды өткiзу кезiнде аукционға қатысушылар өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар бередi, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегiндегi шамаға төмендету көзделедi.

5. Аукционды өткiзу кезiнде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшiн аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетiлген, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.

6. Егер аукционға қатысушы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес.

7. Аукционға қатысушылардың өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткiзу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келiп түскеннен кейiн он минутты құрайды. Егер көрсетiлген уақыт iшiнде өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бiрде-бiр ұсыныс келiп түспесе, аукцион аяқталады.

8. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион жеңiмпазын ең төмен баға негiзiнде автоматты түрде айқындайды.

Екiншi орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейiнгi баға негiзiнде айқындалады.

9. Егер өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылса, басқа ұсыныстардан бұрынырақ келiп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.

10. Егер аукционды өткiзу басталғаннан кейiнгi отыз минут iшiнде аукционға қатысушылардың бiрде-бiрi өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi аукцион жеңiмпазы деп танылады.

35-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттама

1. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттама аукционды өткiзу аяқталған күнi мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және аукциондық комиссияның барлық мүшелерi мен аукционға қатысуға өтiнiмдер берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлер электрондық пошта арқылы бiр мезгiлде хабардар етiле отырып, онда орналастырады.

2. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамада мынадай:

1) аукционға қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру туралы;

2) осы Заңның 33-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы;

3) аукционға қатысуға өтiнiмдерi қабылданбаған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн қабылдамау себептерi егжей-тегжейлi сипатталып, оның iшiнде бiлiктiлiк талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiнiн растайтын мәлiметтер мен құжаттар көрсетiле отырып, олар туралы ақпарат;

4) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәлiметтер қамтылуға тиiс.

3. Аукционға қатысушының аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға осы Заңда белгiленген тәртiппен шағымдануына болады.

36-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзiлмедi деп танудың негiздерi мен салдарлары

1. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

1) аукционға қатысуға ұсынылған өтiнiмдер болмағанда;

2) аукционға қатысуға екеуден аз өтiнiм ұсынылғанда;

3) егер аукционға қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;

4) егер аукционға қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе, өткiзiлмедi деп танылады.

2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылса, тапсырыс берушi мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;

2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;

3) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы.

3. Тапсырыс берушi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың өткiзiлмеуi бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды мынадай:

1) аукционға қатысуға ұсынылған өтiнiмдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiнi тапсырыс берушi айқындайды;

2) аукционға қатысуға екеуден аз өтiнiм аз ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiге жiберiледi. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға өтiнiмде көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң бастапқы бағасынан аспауға тиiс;

3) егер аукционға қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе, жүзеге асырады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту, осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, аукционға қатысуға берiлген өтiнiмде көрсетiлген ең төмен бастапқы баға ұсынған әлеуеттi өнiм берушiге жiберiледi. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға өтiнiмде көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң бастапқы бағасынан аспауға тиiс;

4) егер конкурсқа қатысуға бiр ғана әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе, жүзеге асырады. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысу рұқсат етiлген әлеуеттi өнiм берушiге жiберiледi және мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға өтiнiмде көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң бастапқы бағасынан аспауға тиiс.

6-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

37-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi

1. Егер бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспаса, осындай бiртектi тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргiзiледi, бұл ретте баға шешушi шарт болып табылады.

2. Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрiне баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Осы тармақта көзделген жағдайларда, баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.

3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiн қолдану мақсатында бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемiн қаржы жылы iшiнде олардың бiрiнiң мөлшерi осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.

4. Берiлуi (орындалуы, көрсетiлуi) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жiберудi талап ететiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

38-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай ақпаратты:

1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi туралы;

2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасын орналастыруға мiндеттi. Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс;

3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;

4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;

5) әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;

6) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын орналастыруға мiндеттi.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берiлмейдi, оған мемлекеттiк сатып алуды мынадай:

1) негiзгi (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудi (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшiн;

2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi айқындау үшiн және лизингтiң нысанасын егжей-тегжейлi сипаттау қажеттiгi туындағанда;

3) тапсырыс берушiнiң қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшiн жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды.

3. Әлеуеттi өнiм берушi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейтiн, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мәлiметтер қамтылған бiр ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы.

4. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысын беруi оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

5. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi өткеннен кейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысын шығаруды жүргiзедi.

Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.

Егер ең төмен баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушi ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан бұрынырақ келiп түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.

Екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi ең төмен баға ұсынысынан кейiнгi баға негiзiнде айқындалады.

6. Осы Заңның 45-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуеттi өнiм берушiнiң арасында мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттiк сатып алу веб-порталы қолданылмай өзге де тәсiлдермен оның баға ұсынысына қатысты келiссөздер жүргiзуге жол берiлмейдi.

7. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттiк сатып алуды автоматты түрде өткiзiлмедi деп таниды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы әлеуеттi өнiм берушiден бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысынан аспауға тиiс.

8. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiрде-бiр баға ұсынысы ұсынылмаса, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттiк сатып алуды автоматты түрде өткiзiлмедi деп таниды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

9. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысы:

1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;

2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде қабылдамайды.

Өзге де негiздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берiлмейдi.

10. Егер осы баптың 9-тармағында көзделген негiздер бойынша баға ұсыныстарын мемлекеттiк сатып алудың веб-порталы автоматты түрде қабылдамағаннан кейiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң екеуден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында олар шығарылғаннан кейiн автоматты түрде орналастырылады.

7-тарау. БIР КӨЗДЕН АЛУ, ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТӘСIЛДЕРIМЕН

МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

39-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру негiздерi

1. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Өткiзiлмеген мемлекеттiк сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:

1) осы Заңда көзделген жағдайларда конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылған жағдайда жүзеге асырылады. Осы ереже конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;

2) осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылған немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерiн көрсетудi сатып алу немесе электр энергиясын кепiлдендiрген берушiмен электр энергиясын сатып алу-сату;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

3) сатып алынатын тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге қатысты ерекше құқықтарға ие тұлғадан зияткерлiк меншiк объектiлерi болып табылатын тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

4) еңсерiлмейтiн күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның iшiнде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттiлiгi үшiн, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

5) саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылыққа, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнген ақша есебiнен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

6) нарыққа реттеушiлiк әсер ету үшiн мемлекеттiк материалдық резервке тауарлар сатып алу;

7) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

8) мемлекеттiк материалдық резервтiң жаңарту тәртiбiмен шығарылатын материалдық құндылықтарын бiрiншi кезектегi тәртiппен сатып алу;

9) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн, сондай-ақ тергеу iс-қимылдарын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген органдардың:

жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келiсiм берген адамдар көрсететiн қызметтердi;

қызметтiк үй-жайларды, көлiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлiктi, сондай-ақ оларды ұстау, қызмет көрсету және техникалық қолдау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;

астыртын ұйымдар мен объектiлердi құру және ұстау үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;

қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы танымдары бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететiн қызметтердi сатып алуы;

9-1) терроризмнiң, экстремизмнiң алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы iс-қимыл жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген органдардың сатып алуы;

10) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;

11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, қаржылық көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

12) зағип және көзi нашар көретiн азаматтар үшiн мамандандырылған кiтапханалардың көрсетiлетiн қызметтерiн сатып алу;

13) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестердi сатып алу;

14) монетарлық қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

15) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша сатып алу;

16) мемлекеттiк және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырауға тағатын белгiсiн және оның құжатын, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық), жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi дайындау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өнiм берушiлерден арнайы дәрежеде қорғауды талап ететiн баспа өнiмдерiн сатып алу;

17) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

18) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетiн ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

19) жеке тұлғалар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға бiлiм беру ұйымын өзi таңдаса);

20) жұмыскерлердi шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

21) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ оларды тасымалдау және олармен бiрге ерiп жүру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

22) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететiн қызметтерiн сатып алу;

23) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң, олардың атынан әрекет ететiн тапсырыс берушiлердiң оқшауланған бөлiмшелерiнiң шет мемлекеттiң аумағында өз қызметiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ бiтiмгершiлiк операциялар мақсаттары үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;

24) өкiлдiк ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

25) қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;

26) халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпарат ұсыну жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтерiн сатып алу;

27) мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi:

дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, тиiстi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында белгiленген акционерлiк қоғамдардан және шаруашылық серiктестiктерден;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиiстi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында белгiленген мемлекеттiк кәсiпорындардан сатып алуы;

28) арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердiң кепiлдендiрiлген көлемiнде көзделген арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтер мен арнаулы әлеуметтiк көрсетiлетiн қызметтердi бағалау және қажеттiлiктi айқындау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

29) қылмыстық-атқару жүйесi (пенитенциарлық) мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесi (пенитенциарлық) мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Қылмыстық-атқару жүйесi (пенитенциарлық) мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндiру үшiн шикiзатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттарда көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетiлген кәсiпорынның осы шарттар негiзiнде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында осындай шикiзатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы;

30) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес өзi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардан осындай мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы бойынша сатып алуы;

31) Қазақстан Республикасы Президентiн, өзге де күзетiлетiн адамдарды және күзетiлетiн адамдардың болуына арналған объектiлердi күзетудi және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (оның iшiнде қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысу) үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң бейнеархивiн қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

32) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және өзге де күзетiлетiн адамдардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн, Қазақстан Республикасының Президентi мен өзге де күзетiлетiн адамдарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттiк резиденцияларды, автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiн күтiп-ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi мен өзге де күзетiлетiн адамдардың қатысуымен iс-шаралар өткiзу үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

33) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган не оның ведомствосы оған қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;

34) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тұлғадан сатып алу;

35) талқылаулар перспективаларын бағалау, төрелiкте, шетелдiк төрелiктерде, шетелдiк мемлекеттiк және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелiкте (сотта) реттегенге дейiнгi процесте мемлекеттiң не тапсырыс берушiлердiң мүдделерiн қорғау және бiлдiру жөнiндегi консультациялық және заңдық көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

37) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлiктi сенiмгерлiк басқару бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

38) статистикалық байқау деректерiн өңдеу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

39) мынадай:

Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткiзетiн;

Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;

мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде сауда-саттықта (аукциондарда) өткiзiлетiн мүлiктi (активтердi) сатып алу;

40) ғарышкерлердi даярлау және ғарышкерлердiң ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

41) мамандандырылған авиажөндеу кәсiпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

42) егер бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса, осындай бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

43) жұмыскердi қызметтiк iссапарға, оқушыларды, студенттердi, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлiк сыныптарына, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшiн жiберуге байланысты көрсетiлетiн қызметтердi, көрсетiлген iс-шаралар өтетiн жерге бару және керi қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көлiктiк қызмет көрсетудi, тамақпен қамтамасыз етудi қоса алғанда сатып алу;

44) мемлекеттiк музей, кiтапхана, архив қорларын, кино-, фотоқорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның iшiнде музей заттары мен музей коллекцияларын, сондай-ақ көшiрмелерiн қоса алғанда, сирек кездесетiн және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, архив құжаттарын сатып алу;

45) көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердiң материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетiлген iс-шараларға қатысқаны үшiн ақы төлеу;

46) театр-ойын-сауық ұйымының, филармонияның, музейдiң және мәдени-демалыс ұйымының, кинематография ұйымының, мәдениет және өнер саласындағы бiлiм беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының сахналық көрсетiлiмдердi жүзеге асыру және өнер туындыларын көпшiлiк алдында орындау үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;

47) хайуанаттар паркiне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, музейге, көрмеге және спорттық iс-шараға баруға тапсырысты орналастыру;

48) тиiстi авторлардың күрделi құрылыс объектiлерiнiң жобалау құжаттамасын әзiрлеудi авторлық қадағалау, күрделi құрылыс объектiлерiнiң құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделi жөндеудi авторлық қадағалау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;

49) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектiсiн (тарих және мәдениет ескерткiшiн) сақтау жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлуiне техникалық және авторлық қадағалау жүргiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

50) егер мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мерзiмi, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiм iшiндегi қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде, уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша жылдың бiрiншi айы iшiнде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттiлiктегi осындай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға қажеттiлiк болса, жүзеге асырылады.

Осы тармақша өнiм берушi өткен жылы жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда қолданылады;

51) Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен күнтiзбелiк жоспар негiзiнде басқа да халықаралық спорттық iс-шараларға қатысуы үшiн қажеттi спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу;

52) ұлттық қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждары үшiн, сондай-ақ құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету үшiн байланыс қызметтерiн сатып алу;

53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актiмен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйдi, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйдi, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйдi, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтiп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, егер тапсырыс берушiге өтеусiз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берiлген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегi тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетiлетiн болса, тапсырыс берушiге өтеусiз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берiлген тұрғын емес бiр немесе бiрнеше үй-жайды техникалық күтiп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

54) техникалық көмекшi (орын толтырушы) құралдар (протездiк-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын, мүгедектерге берiлетiн жеке көмекшi мен ымдау тiлi маманы көрсететiн әлеуметтiк қызметтердi, мүгедектерге арналған такси көрсететiн қызметтердi, мүгедектерге берiлетiн санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлiгiнде мүгедектер саны жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының кемiнде елу пайызын құрайтын мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу.

40-бап. Өткiзiлмеген мемлекеттiк сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

1. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақырту жiбередi, онда мынадай мәлiметтер:

1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы және тұрған жерi;

2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық өзiндiк ерекшелiктерi қамтылуға тиiс. Бұл ретте техникалық өзiндiк ерекшелiк Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс. Қажет болған кезде техникалық өзiндiк ерекшелiкте нормативтiк-техникалық құжаттама көрсетiледi.

Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететiн жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шақыртуда сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиiс;

3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауар саны, орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер көлемi;

4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;

5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;

6) төлем шарттары және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу талаптары, нысаны, көлемi және тәсiлi;

8) бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомалар туралы мәлiметтер;

9) осы Заңның 9-бабында көзделген бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынуға тиiс құжаттардың тiзбесi;

10) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкестiгiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.

2. Бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауар берудi, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға белгiленген мерзiмде мынадай ақпаратты:

1) әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерi (бiрлесiп орындаушылары) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғаларды көрсете отырып, әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасын;

2) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерi (бiрлесiп орындаушылары) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

3) ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге баға негiздемесiн ұсынуға тиiс.

3. Осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өткiзiлмедi деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы осы конкурсқа (аукционға) қатысушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды сол мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан ұсынбауға құқылы.

4. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушi ұсынған құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.

5. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушi сұратылған ақпаратты берген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы жинақтайды және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырады.

Әлеуеттi өнiм берушiге шақырту жiберу, оның қажеттi ақпаратты мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы беруi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруы туралы талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

41-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу жолымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу жолымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушi өнiм берушiнi айқындайды және онымен мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасады.

2. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу жолымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы есептi орналастыруға мiндеттi.

Есепте өнiм берушiнi таңдаудың негiздемелерi, мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары қамтылуға тиiс.

3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу жолымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады.

4. Осы баптың 1-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу жолымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшалары негiзiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

5. Осы баптың 2-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасу жолымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшалары негiзiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

42-бап. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

1. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тiзбесi бойынша қосарлы қарсы аукцион режимiнде жүзеге асырылады.

2. Егер биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзiлген тауарларды мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi биржалық тауарлар тiзбесiнде көзделген партияның ең төмен мөлшерiнен аспаған жағдайда, тапсырыс берушi тауарларды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсiлiн таңдауға құқылы.

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ

43-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу

1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жобалары уәкiлеттi орган бекiтетiн тауарларды мемлекеттiк сатып алу, жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы үлгiлiк шарттарға сәйкес жасалады.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң талабы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын жариялы шарттарға жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

2. Тапсырыс берушi жеңiмпазға мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын:

1) конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзiмi өткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;

2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазы айқындалған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi;

Өнiм берушiнi таңдау рәсiмi, оның iшiнде мемлекеттiк сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберiнде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысына шағым жасау рәсiмi тиiстi бюджет (даму жоспары) бекiтiлгенге дейiн аяқталған жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы жеңiмпазға тиiстi бюджет (даму жоспары) бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жiберiледi.

3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсiлдерiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берiлген хабарлама мемлекеттiк сатып алу веб-порталына келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиiс.

4. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу жөнiндегi талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Бұл ретте осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасу мерзiмi әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы жiберiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауы керек.

5. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларды төрелiктiң қарауына беру көзделсе, оған төрелiк келiсiмнiң қорытындысына тиiстi саладағы уәкiлеттi органның (республикалық меншiкке қатысты) немесе жергiлiктi атқарушы органның (коммуналдық мүлiкке қатысты) жазбаша келiсiмi қоса берiлуге тиiс.

6. Қазақстан Республикасының бейрезидентiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда ресiмдеуге жол берiледi.

7. Тапсырыс берушi егер жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса, жеңiмпаз мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi өзiне мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиiс.

8. Егер екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi осы баптың 7-тармағында белгiленген мерзiмде тапсырыс берушi қол қойған мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс берушi қайта мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.

9. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгiзуге мiндеттi.

Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн тиiсiнше орындайтындығының кепiлi ретiнде енгiзедi.

10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.

Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген болса, өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етудi енгiзедi.

Өнiм берушi аванстың толық сомасынан не аванстың бiр бөлiгiнен бас тартуға құқылы. Өнiм берушi аванстан iшiнара бас тартқан жағдайда, аванстың бөлiгiне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.

Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалуына қарай өнiм берушiнiң жазбаша хабарлауы бойынша аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көзделген орындалған мiндеттемелерге пропорционалды түрде азайтады.

11. Қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерi тиiстi қаржы жылында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жылдық сомасы негiзге алына отырып есептеледi.

Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) тапсырыс берушiнiң банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;

2) қағаз жеткiзгiштегi не электрондық құжат нысанындағы банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.

Өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн енгiзiлген кепiлдiк ақшалай жарнаға тұтастай не оның бiр бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.

Өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны тапсырыс берушiнiң осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап осы Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негiзiнде жүзеге асырылған, баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын өнiм берушiлерге қолданылмайды.

12. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес өнiм берушi енгiзген соманы (болған кезде) тапсырыс берушi шарттық мiндеттемелердi өнiм берушiнiң орындамауына байланысты мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда өнiм берушiге қайтармайды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес өнiм берушi енгiзген сома (болған кезде) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кiрiсiнiң есебiне жатқызылады.

13. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) көзделуге тиiс. Тұрақсыздық айыбының мөлшерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

14. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:

1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;

2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негiз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;

5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгiленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды үш жылдан астам мерзiмге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен даму жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен жасай алады.

16. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.

17. Осы баптың 14 және 15-тармақтарында көзделген жағдайларда, қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнiм берушiлермен ғана жасасуға жол берiледi.

18. Тапсырыс берушiнiң үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушi уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттiлiктегi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге ұзартуға құқылы.

Бұл ретте мұндай мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мерзiмi, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiм iшiнде тапсырыс берушiнiң қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

19. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мынадай фактiлердiң бiрi анықталған:

1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;

2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

3) мiндеттемелерi тиiсiнше орындалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу фактiсiн анықтаған;

4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгiзбеу жолымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс.

20. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткенi үшiн толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиiс.

21. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздердi төлеу талаптары қамтуға тиiс.

22. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң ең аз мерзiмi тауарды беруге, оның iшiнде оны дайындауға (өндiруге), жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге кеткен мерзiмнен кем болмауға, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк он бес күн болуға тиiс.

23. Тапсырыс берушi мен өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердi толық орындаған жағдайда көрсетiлген шарт орындалды деп есептеледi.

24. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда, тапсырыс берушi тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) өндiрiп алуды қамтамасыз етедi.

Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кiрiсiнiң есебiне жатқызылады.

25. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт уәкiлеттi органның осы Заңның 47-бабына сәйкес шығарылған шешiмiне шағым жасау кезеңiнде жасалмайды.

26. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдау-тапсыру актiсi, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсi, шот-фактура) электрондық нысанда ресiмделедi.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттарды мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы электрондық нысанда ресiмдеу туралы талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) атауы, саны, сапасы, техникалық өзiндiк ерекшелiгi, құны, оларды беру (орындау, көрсету) орны мен мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиiс.

44-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару

1. Егер жеңiмпаз деп танылған не екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда белгiленген мерзiмдерде тапсырыс берушiге мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгiзбесе, онда мұндай әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазы (екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушi) деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол енгiзген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады.

45-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзудiң негiздерi

1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуi талабымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған кезде:

1) конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, тараптардың бiрi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге бастамашы болса;

2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлiгiнде өзгерiс енгiзуге жол берiледi;

3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлiгiнде өзгерiс енгiзу туралы шешiм тараптардың өзара келiсуi бойынша қабылданса;

4) егер жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болса, екiншi орын алған әлеуеттi өнiм берушiге жiберiлетiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу мерзiмiн бес жұмыс күнiне ұлғайту бөлiгiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiс енгiзуге жол берiледi.

Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiс енгiзуге жол берiлмейдi.

2. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуi талабымен мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiс енгiзуге:

1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге бағаны және тиiсiнше мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен осындай өзгерiс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешiм қабылданса, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың сомасын ұлғайту бөлiгiнде;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бiрлiгi үшiн бағаның өзгермеуi талабымен осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң көлемiндегi қажеттiлiктiң азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлiгiнде жол берiледi. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегiнде жол берiледi;

4) өнiм берушi өзiмен жасалған тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау процесiнде тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бiрлiгi үшiн бағаның өзгермеуi талабымен мемлекеттiк сатып алу туралы өзiмен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудiң, жұмысты орындаудың, қызметтi көрсетудiң неғұрлым үздiк сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзiмдерiн және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындауға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;

6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындау жөнiндегi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

7) мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуi талабымен мемлекеттiк бюджет есебiнен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертiлген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған және кейiннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, жұмыстарды орындау жөнiндегi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу мерзiмдерiн өзгерту бөлiгiнде;

8) тапсырыс берушiнiң және (немесе) өнiм берушiнiң лауазымды адамына қатысты мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуымен байланысты қылмыстық iс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу мерзiмiн өзгерту бөлiгiнде;

9) егер өнiм берушi берiлетiн тауардың тауар өндiрушiсi болып табылса, тауарды беру жөнiндегi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу мерзiмiн өзгерту бөлiгiнде жол берiледi. Тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегiнде өнiм берушiнiң хабарламасы бойынша он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге жол берiледi.

3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өткiзiлетiн (өткiзiлген) мемлекеттiк сатып алу талаптарының мазмұнын және (немесе) осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негiздер бойынша, өнiм берушiнi таңдауға негiз болған ұсынысты өзгертетiн өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

46-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың күшiне енуi

1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тапсырыс берушi мен өнiм берушi оған қол қойғаннан кейiн не соңғысы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн күшiне енедi. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тiркелуге жататын болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелгенiнен кейiн күшiне енедi.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне оны жасағаннан кейiн не өнiм берушi конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

9-тарау. ШАҒЫМ ЖАСАУ

47-бап. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағым жасау

1. Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне, егер олардың әрекеттерi (әрекетсiздiгi), шешiмдерi әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы.

2. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне конкурс (аукцион) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, уәкiлеттi органға шағым жасалған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi шағымды қарау мерзiмi аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Әлеуеттi өнiм берушiнiң шағымы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы уәкiлеттi органға берiлуi мүмкiн.

5. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмдерде уәкiлеттi органға шағым жасалған жағдайда, шағым келiп түскен күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде қаралады.

Уәкiлеттi орган шағым келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, тапсырыс берушiге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жiбередi.

6. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмдерде келiп түскен шағымды қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу қорытындысының күшiн жою не күшiн жоюдан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Уәкiлеттi органның шағымды қарау нәтижелерi бойынша қабылдаған шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

48-бап. Шағым беру тәртiбi

1. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне қатысты уәкiлеттi органға берiлетiн шағым мыналарды:

1) әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағым жасалатын заңды тұлғаның атауын, тұрған жерiн;

2) шағым берген тұлғаның атауын, тұрған жерiн;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық солардың шеңберiнде жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi;

4) тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың шағым жасалған әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн), шешiмдерiн қамтуға тиiс.

Қажет болған кезде шағымға оның негiздiлiгiн растайтын құжаттар қоса берiледi.

2. Шағымға оны берген тұлға немесе оның өкiлi қол қояды. Өкiлi берген шағымға сенiмхат немесе өкiлдiң өкiлеттiктерiн куәландыратын өзге де құжат қоса берiлуге тиiс.

3. Егер:

1) шағым осы бапта белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) шағымға қол қойылмаса не қол қоюға өкiлеттiгi жоқ адам қол қойса, шағым келiп түскен күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оны берген тұлғаға қаралмай қайтарылады.

10-тарау. АРНАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келедi.

50-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi

1. Осы Заңда көзделген, бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру рәсiмдерi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, ерекше тәртiп қолданылатын мемлекеттiк сатып алу осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Ерекше тәртiп қолданылатын мемлекеттiк сатып алу мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын болса, құқықтық тәртiп пен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таралуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Ерекше тәртiп қолданылатын мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

51-бап. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жекелеген санаттарының мемлекеттiк сатып алуға қатысуы

1. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жекелеген санаттарының мемлекеттiк сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.

2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде:

1) мүгедектердiң мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүрiп-тұруға арналған арнайы құралдар, мiндеттi гигиеналық құралдар) осындай тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың жалпы көлемiнiң кемiнде елу пайызы көлемiнде;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген өзге де тауарларды тауарлар өндiретiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың жалпы көлемiнiң кемiнде елу пайызы көлемiнде;

3) жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың жалпы көлемiнiң жүз пайызы көлемiнде сатып алуды жүзеге асырады.

3. Тауарларды өндiретiн және (немесе) тауарларды беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардың тiзбесiн және оларды енгiзу тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

Тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерi тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

4. Осы баптың 2-тармағында белгiленген ережелердi iске асыру үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдар жiберiледi.

Жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдарға — өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгерлердi және қызметтер көрсету бойынша бiрлескен орындаушыларды тартуға жол берiлмейдi.

Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтiнiнде мемлекеттiк сатып алу тек қана тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетедi.

Тауарларды өндiретiн және (немесе) тауарларды беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедлектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдар осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.

5. Мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 29-бабының 1-тармағында, 36-бабының 1-тармағында, 38-бабының 7, 8 және 10-тармақтарында көзделген негiздер бойынша өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы тапсырыс берушi шешiм қабылдауға құқылы.

Тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге де әлеуеттi өнiм берушiлер арасында мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.

6. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыспен көзделген көрсетiлетiн қызметтердi, кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншiк құқығымен тиесiлi тұрғынжайды мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң:

1) 2016 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 31-бабын;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 43-бабының 26-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 138, 143-құжаттар; 2015 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi                                                                      Н. Назарбаев

Мақаланы құрған күні 28.04.2017 13:10
Мақаланы жаңартқан күні 28.04.2017 13:10
Қаралым саны: 4520
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі