«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2017 жылғы қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 36468,6 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 103,9%-ға тең.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.
Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (67%), 2017 жылдың қаңтар-мамыр айында 24441,7 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.
Кәсiпкерлiктi дамуы. 2017 жылғы 1 маусым жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 19124 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiне 96,9% құрады.
Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 287 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарына 47,4% құрайды (606 жұмыс орны).
Инвестициялық саласы. 2017 жылдың қаңтар-мамыр айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 9853,3 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 105,2% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылдың қаңтар-мамыр айында 82741 ш.м тұрғын үйлерi енгiзiлдi, соның iшiнде: 29665 ш.м. — 204 жеке тұрғын үй құрылысы, 20562 ш.м. — коммерциялық тұрғын үй, 27822 ш.м. — жалға беретiн тұрғын үй, 4691 ш.м.-басқа.
Мемлекеттiк бюджет. 2017 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 21914,7 млн. теңге көлемiнде немесе болжамды жоспарға шаққанда 128,0% салық және жиналымдар түстi. 2016 жыл деңгейiне түсiмдер 4057,1 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 153,3%-ға (11880,9 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 10033,8 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 107,0% құрайды.
Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 73 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:
жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi); 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер; 1 кешкi жалпы бiлiм беретiн мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебi (жеке), 42 мектепке дейiнгi ұйымдар (24 мемлекеттiк, 12 жеке меншiк, шағын орталықтар, 2 ясли). Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды.
Қала мектептерiнде оқушылардың саны 22 907 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 9 828 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 469 бала қамтылған, бұл 50,6%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 87,5% құрайды.
Оқу процесi екi ауысымда және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.
Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 11 мекемеден тұрады: 9 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.
Ағымдағы жыл басынан 1195 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 356,2 мың адам қатысқан.
Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.
Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 180,1 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 99,9% құрайды).
Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 274 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы.
Есептi мерзiмiнде 47 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 10,4 мың адам қамтылды.
Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 26,0 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2017 жылдың 1 маусым жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 313 жұмыссыз тiркелген, немесе 2016 жыл көрсеткiшiнен 41,6% төмен.
Жұмыссыздық деңгейi 0,1% құрады.
Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 340 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2016 жылдың көрсеткiшiнен 41,4% төмен.
Экономиканың әр түрлi салаларында 1067 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 55,9% құрады.
«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 71 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi.
Қоғамдық жұмыстарға 154 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау (01.05.2016ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.
Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.
2016 жылғы 1 мамыры жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 687 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.
Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2017 жылдың қаңтар-маусым Көкшетау қаласының аумағында 1796 қылмыс тiркелген, олардың 547 қылмысы әшкереленген.
Бөлiм бастығы Шұқатова Г.
ПОШТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: | 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 |
ТЕЛЕФОН: | 87162297841 |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ: | economy_kokshe@mail.kz |