«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2016 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 89 810,8 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 102,9%-ға тең.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.
Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (72,2%), 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 64 799,4 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.
Кәсiпкерлiктi дамуы. 2017 жылғы 1 қантары жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 3589 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 105,2% құрады.
Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 619 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарына 137,6% құрайды (450 жұмыс орны).
Инвестициялық саласы. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 30 203,2 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 101,2% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылдың есептi кезеңiнде 127,455 мың ш.м тұрғын үйлерi енгiзiлдi, соның iшiнде: 63,421 мың ш.м. — жеке тұрғын үй құрылысы, 43,890 мың ш.м. — коммерциялық тұрғын үй, 11,474 мың ш.м. — жалдамалы тұрғын үй, 8,670 мың ш.м. — басқалар.
Мемлекеттiк бюджет. 2017 жылдың 1 қантары жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 44 888,6 млн. теңге көлемiнде немесе болжамды жоспарға шаққанда 102,5% салық және жиналымдар түстi. 2015 жыл деңгейiне түсiмдер 4341,2 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 103,9%-ға (21 920,6 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 22 968 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 101,8% құрайды.
Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 63 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:
«Назарбаев интеллектуалды мектептерi» 1 АҚ филиалы — «Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебiн»; жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi); 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер; 1 кешкi жалпы бiлiм беретiн мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебi (жеке); 1 Қазақ-түрiк лицейi.
Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды.
Қала мектептерiнде оқушылардың саны 22 907 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 9 828 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 469 бала қамтылған, бұл 50,6%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 87,5% құрайды.
Оқу процесi екi ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.
Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 11 мекемеден тұрады: 9 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.
Ағымдағы жыл басынан 2 313 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 774,1 мың адам қатысқан.
Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.
Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 611,3 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100% құрайды).
Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 251 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы.
Есептi мерзiмiнде 102 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 23,5 мың адам қамтылды.
Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 39,4 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2017 жылдың 1 қантары жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 51 жұмыссыз тiркелген, немесе 2015 жыл көрсеткiшiнен 49% төмен.
Жұмыссыздық деңгейi 0,1% құрады.
Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 51 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2015 жылдың көрсеткiшiнен 49% төмен.
Экономиканың әр түрлi салаларында 1910 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 100,5% құрады.
«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 209 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi.
Қоғамдық жұмыстарға 222 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау (01.05.2016ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.
Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.
2016 жылғы 1 мамыры жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 687 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.
Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында Көкшетау қаласының аумағында 4117 қылмыс тiркелген, олардың 1584 қылмысы немесе 38,5% әшкереленген.
ПОШТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: | 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 |
ТЕЛЕФОН: | 87162297841 |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ: | economy_kokshe@mail.kz |