AA

«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2021 жылдың қаңтар-шілде бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік –экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

           Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2021 жылғы қаңтар-шілде бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 124 507,5 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 188,4%.

           Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

           Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (83,6%) 2021 жылдың қаңтар- шілдеде 104 100,9 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 666,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 127,5% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша

жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16 687 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,0%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 673 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 85 923,0 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 100,2% құрады.

         Инвестициялық сала. 2021 жылдың қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 33 074,2 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексі 93,5%-ы құрады.

         Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 119, 781 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ЖТҚ — 50, 521 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 69, 260 мың шаршы метр.

         Мемлекеттік бюджет. 2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 36 924,6 млн.теңге көлемінде салықтар мен алымдар түсті немесе жоспар-болжамға 105,5%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 8644,4 млн. теңгеге азайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 100,7%-ға орындалды (15 071,1 млн.теңге). Жергілікті бюджетке    21 853,4 млн. теңге түсті, бұл кезең болжамының 109,0%-ын құрайды.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 48 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

         Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

         Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

         Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

         Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 971 іс-шара өткізіліп, оған 987,6 мың адам қатысты.

         Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

         Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 19 681 адамды қамтитын 53 спорттық-бұқаралық      іс-шара өткізілді.

           Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы 1 тамызы жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 729 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 4,8% төмен.

         Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1 474 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 19,2% төмен.

           2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 935 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 0,8 құрады.

           Экономиканың түрлі салаларында 1 536 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткіштің 60,7% -ын құрайды.

           "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 94 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

             Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшін ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткішінен 19,6% жоғары.

             Қоғамдық жұмыстарға 287 адам жіберілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 9,7% төмен.

             Қылмыс. 2020 жылдың қаңтар-шілдеде Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1 612 қылмыс тіркелді, оның ішінде 419 қылмыс ашылды. Сотқа – 225 іс жолданды.

Мақаланы құрған күні 25.08.2021 09:01
Мақаланы жаңартқан күні 25.08.2021 09:01
Қаралым саны: 1980
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі