«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызмет жадынама
1 Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (ары қарай - өкілетті орган)
2 Тұтынушылар Көкшетау қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Қағаз түрінде
4 Қызметті көрсететін орын Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 141 үй, 305 кабинет
5 Жауапты орындаушының телефоны 87162-29-78-47, 8705-659-93-15
6 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.2.Өкілетті органға құжаттарды ұсынғаннан кейін, тұтынушыға келісті құжаттар қабылданған туралы қолхат беріледі келесіні көрсетіп:арызды қабылдаған нөмірі және күні;сұраныстағы мемлекеттік қызметтін түрі;қосымша құжаттардың саны;мемлекеттік қызметті көрсетуге арызды қабылдаған өкілетті органның жауапты орындаушының тегі, аты, әкесінің аты.
7 Қажетті құжаттардың тізіме Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсыну қажет:бекітілген нысанға сәйкес арыз;жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама.
8 Қызметтің бағасы және төлеу тәртібі Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
9 Қызметті көрсету мерзімдері Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:- көтерме жәрдемақы күнтізбелік 39 (отыз тоғыз) күн ішінде төленіледі;-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының сәйкес нысан бойынша Келісім қорытындысы - күнтізбелік 32 (отыз екі) күн;
Келісім жасалғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит - 30 (отыз) жұмыс күні.
10 Қызметтің көсеткен нәтижесі Көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау мемлекеттік қызметті көрсеткен нәтиже болып саналады.
11 Нормативтік құқықтық актілер** «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысы, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы.
Мақаланы құрған күні 15.02.2017 17:08
Мақаланы жаңартқан күні 17.01.2019 15:22
Қаралым саны: 5062
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі