«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 27 сәуiрде № 10805 тiркелдi.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 20.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 20.06.2016 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Өңiрлiк саясат және жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту департаментi:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын бекiту туралы (DOCX 39 Kb)

Мақаланы құрған күні 18.02.2020 10:24
Мақаланы жаңартқан күні 27.02.2020 17:21
Қаралым саны: 4599
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі