«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өмірбаян

Бекенова Заида Сайранқызы 1981 жылы 28 қаңтарда Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылында дүниеге келген.

2004 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2004 жылы «Зеренді ауданының білім беру бөлімі» ММ бухгалтері болып бастады, әрі қарай 2007 жылға дейін бас экономист лауазымында қызмет атқарды.

2007 жылдан бастап Астана қаласында жеке секторда жұмыс істеді.

2010-2014 жылдары «Зеренді ауданының білім беру бөлімі» ММ бас экономисті болды.

2014-2015 жылдары «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономисті болып жұмыс істеді.

2015 жылдан 2022 жылға дейін «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару секторының меңгерушісі лауазымында мемлекеттік қызметті атқарды.

2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

Мақаланы құрған күні 07.10.2021 16:38
Мақаланы жаңартқан күні 17.10.2023 14:19
Қаралым саны: 4527
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі