«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2018 жылғы қаңтар-шiлде айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 56 018, млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 100,3%-ға тең.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.
Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (67,3%), 2018 жылдың қаңтар-шiлде айында 37 703,0 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.
Кәсiпкерлiктi дамуы. 2018 жылғы 1 тамызда жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 19 511 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 101,8% құрады.
Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 298 жаңа жұмыс орны құрылды.
Инвестициялық саласы. 2018 жылдың қаңтар-шiлде айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 18 511,1 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 111,6% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2018 жылдың қаңтар-шiлде айында 111,7 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 43,1 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 56,5 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй — 12,1 мың ш. метр.
Мемлекеттiк бюджет. 2018 жылдың 1 тамызда жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 30178,9 млн. теңге сәуiр немесе болжамды жоспарға шаққанда 103,3% салық және жиналымдар түстi. 2017 жыл деңгейiне түсiмдер 768,7 млн. теңге артты. Республикалық бюджетке бөлiне-тiн қаражат жоспары 103,5%-ға (13392,9 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 16786,0 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 103,2% құрайды.
Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 64 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:
жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер, 40 мектепке дейiнгi ұйымдар (23 мемлекеттiк, 12 жеке меншiк, 4 шағын орталықтар, 2 ясли). Сонымен қатар, мектептен тыс 7 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат», «Көкшетау дарыны», «Мейiрiм», еңбекке үйрету оқу кәсiпорны) қызмет жасайды.
Қала мектептерiнде оқушылардың саны 23 306 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 11 268 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 835 бала қамтылған, бұл 57,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 93,0% немесе 8127 бала қамтылған құрайды.
Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.
Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 12 мекемеден тұрады: 10 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.
Ағымдағы жыл басынан 1777 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 520,4 мың адам қатысқан.
Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.
Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 234,2 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 85,7% құрайды).
Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 274 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром.
Есептi мерзiмiнде 127 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 23,0 мың адам қамтылды.
Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 37,9 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. Жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 513 жұмыссыз тiркелген, немесе 2017 жыл көрсеткiшiнен 63,9 рет% жоғары.
Жұмыссыздық деңгейi 0,4% құрады.
Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 1579 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2017 жылдың көрсеткiшiнен 10,3% жоғары.
2018 жылдың 1 тамызда деректер базасында 290 кәсiпорындарда мен мекемелерде 610 бос орындар тiркелген. Коэффициентi шиеленiс еңбек нарығында 1,2 құрады.
Экономиканың әр түрлi салаларында 1443 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2018 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 75,2% құрады.
«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 125 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi.
Қоғамдық жұмыстарға 205 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.
Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.
2018 жылғы 1 қаңтар жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 1897 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.
Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2018 жылдың қаңтар-шiлде айында Көкшетау қаласының аумағында 2561 қылмыс тiркелген, олардың 933 қылмысы әшкереленген.
Бөлiм басшысы Шұқатова Г.
ПОШТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: | 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 |
ТЕЛЕФОН: | 87162297841 |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ: | economy_kokshe@mail.kz |