«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтiк–экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 108 240,1 млн. теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 104,1%-ға тең.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.

Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (71,8%), 2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айы бойынша 77 706,5 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамуы. 2020 жылғы 1 қантар жағдай бойынша тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 2018 жылдың кезеңiне 26 бiрлiкке өстi және 18 842 құрады.

Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 646 жаңа жұмыс орны құрылды.

Инвестициялық саласы. 2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 44243,9 млн.теңге деңгейiнде құрылды, бұл ретте өткен жылдың деңгейiне қарағанда нақты көлем индексi 108,8% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айында 186,4 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 74,509 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 73,195 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй — 38,762 мың ш. метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2020 жылдың 1 қантар жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 50800,2 млн. теңге немесе болжамды жоспарға шаққанда 100,2% салық және жиналымдар түстi. 2018 жылдың деңгейiне түсiмдер 1435,2 млн. теңге азайды. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 100,4%-ға (23341,2 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 27459,0 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 100,1% құрайды.

Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 79 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде: жалпы бiлiм беретiн 23 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер, 48 мектепке дейiнгi ұйымдар (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк,1 жеке меншiк) 17 жеке меншiк балабақша), «Мейiрiм» балаларды түзету дамыту орталығы және мектептен тыс 5 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «Көкшетау дарыны», еңбекке үйрету оқу кәсiпорны) қызмет жасайды.

Қала мектептерiнде оқушылардың саны 24 833 оқушы құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 986 бала қамтылған, бұл 58%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6771 бала қамтылған құрайды.

Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 14 мекемеден тұрады: 12 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.

Ағымдағы жыл басынан 3415 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 933,5 мың адам қатысқан.

Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.

Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 294 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 7 спорт кешенi, 3 бассейн, 78 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 18 ату тирi, 128 аула алаңдары, 17 хоккей корты, 29 орнатылған спорт залдар, 7 теннис кездiгi, 1 ипподром.

Есептi кезеңде жалпы 30,3 мың адамды қамтитын 193 спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлдi.

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2020 жылдың 1 қантар жағдайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 67 жұмыссыз тiркелген, немесе 2018 жыл көрсеткiшiнен 26,4% төмен.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 2556 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2018 жылдың көрсеткiшiнен 0,7% жоғары.

2020 жылдың 1 қантар жағдайы бойынша деректер базасында 38 кәсiпорындарда мен мекемелерде 258 бос орындар тiркелген.

Экономиканың әр түрлi салаларында 2643 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2019 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 137,7% құрады.

«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 142 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 218 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.

2019 жылғы 1 қазан жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 1 441 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айында Көкшетау қаласының аумағында 3 974 қылмыс тiркелген, олардың 1 539 қылмысы әшкереленген.

Мақаланы құрған күні 18.02.2020 10:12
Мақаланы жаңартқан күні 18.02.2020 10:12
Қаралым саны: 3309
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі