«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 52 091,2 млн.теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 101,8%-ға тең.
Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.
Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (69,3%), 2016 жылдың қаңтар- тамыз айларында 36 106,5 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.
Кәсiпкерлiк дамуы. 2016 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 3 592 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 107,8% құрады.
Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 415 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарына 92,2% құрайды (450 жұмыс орны).
Инвестиция саласы. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 16 507,2 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 109,9% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылдың есептi кезеңiнiң қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы ауданы 94 562,0 ш.м болатын тұрғын үй енгiзiлдi. Соның iшiнде: жалпы ауданы 33 733 ш.м болатын 234 жеке тұрғын үйлер, жалпы ауданы 8 357 ш.м болатын Әуелбеков көшесi 169 А, («Престиж Кокше» ЖШС) 41 пәтерлi тұрғын үй, жалпы ауданы 7767 ш.м «Жансая» ТК ауданындағы 30 пәтерлi тұрғын үй, жалпы ауданы 8 535 ш.м болатын Горький көшесi, 95 («Көкшетау Сити 2050» ЖШС) 96 пәтерлi тұрғын үй, жалпы ауданы 18 783 ш.м болатын 179 пәтерлi тұрғын үй («Сауда» ЖШС КГС) және жалпы ауданы 655ш.м болатын әйелдер консультациясы ғимаратын қайта жөндеу және жалпы ауданы 1 608 ш.м болатын ер балаларға арналған қайырымдылық мекемесi («Көкшетау қаласының қайырымдылық мекемесi»), жалпы ауданы 3707 ш.м. Васильков шағын ауданынан солтүстiгiне қарай 9-қабатты тұрғын үй, жалпы ауданы 4810 ш.м. («С.Н.Жакупов»ЖК) Ақан-серi көшесi, 66 бойында 50 пәтерлi тұрғын үй және жалпы ауданы 6607 ш.м. («Алуа Строй»ЖШС) Әуелбеков көшесi, 109 бойында 9-қабатты тұрғын үй.
Мемлекеттiк бюджет. 2016 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 29 754,2 млн. теңге көлемiнде немесе болжамды жоспарға шаққанда 104,4% салық және жиналымдар түстi.
2015 жыл деңгейiне қарағанда түсiмдер 2,9 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 115,1%-ға (14 872,75 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 14881,5 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 95,8% құрайды.
Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 63 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде:
«Назарбаев интеллектуалды мектептерi» 1 АҚ филиалы — «Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебiн»; жалпы бiлiм беретiн 22 орта мектептер (күндiзгi); 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер; 1 кешкi жалпы бiлiм беретiн мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебi (жеке); 1 Қазақ-түрiк лицейi.
Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды.
Қала мектептерiнде оқушылардың саны 22 907 оқушы құрайды, соның iшiнде бастауыш сыныптарда — 9 828 оқушы. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 733 бала қамтылған, бұл 48,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 80,1% құрайды.
Оқу процесi екi ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.
Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 11 мекемеден тұрады: 9 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.
Ағымдағы жыл басынан 1274 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 490,9 мың адам қатысқан.
Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулар өткiзiлдi.
Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемi 225,5 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100% құрайды).
Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 251 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешенi, оның iшiнде 3-iнiң бассейнi бар, 68 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирi, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездiктерi, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебi, 1 теннис кездiгi, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы.
Есептi мерзiмiнде 72 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 14,8 мың адам қамтылды.
Спорт мекемелерiн қаржыландыру көлемi 26,5 млн.теңгенi құрады (есептi кезең жоспарының 100,0% құрады).
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2016 жылдың 1 қыркүйек жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң ресми есебiнде 253 жұмыссыз тiркелген, немесе 2015 жыл деңгейiнен 9,1% артық.
Жұмыссыздық деңгейi 0,2% құрады.
Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 1312 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткiшiнен 1,3 рет артық.
Экономиканың әр түрлi салаларында 1752 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2016 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 96,3% құрады.
«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 170 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжiрибесi негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде жүргiзiледi. Қоғамдық жұмыстарға сомасы 17,7 млн. теңгеге 157 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау (01.05.2016ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.
Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.
2016 жылғы 1 маусымы жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 687 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.
Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында Көкшетау қаласының аумағында 3503 қылмыс тiркелген, олардың 878 қылмысы немесе 25,1% әшкереленген.
ПОШТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: | 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 |
ТЕЛЕФОН: | 87162297841 |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ: | economy_kokshe@mail.kz |