«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп секторында 2017 жылғы қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 29489,1 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 107,2%-ға тең.
Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелердің қалыптасуына өңдеу өнеркәсібі көп әсерін тигізеді.
Өнеркісіп өндірісінің құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (65,6%), 2017 жылдың қаңтар- сәуір айында 19343,5 млн. теңгеге өнім өндірілді.
Кәсіпкерлікті дамуы. 2017 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестің 19013 субъектісі – заңды тұлғалар тіркелген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 96,6% құрады.
Әрекет етуші және жаңа құрылған шағын бизнес кәсіпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 287 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарына 47,4% құрайды (606 жұмыс орны).
Инвестициялық саласы. 2017 жылдың қаңтар- сәуір айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7645,5 млн.теңге деңгейінде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексі 103,3% құрады.
Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылдың қаңтар- сәуір айында 65498 ш.м тұрғын үйлері енгізілді, соның ішінде: 19497 ш.м. – 117 жеке тұрғын үй құрылысы, 13488 ш.м. – коммерциялық тұрғын үй, 27822 ш.м. – жалға беретін тұрғын үй, 4691 ш.м.-басқа.
Мемлекеттік бюджет. 2017 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 16821,8 млн. теңге көлемінде немесе болжамды жоспарға шаққанда 133,1% салық және жиналымдар түсті. 2016 жыл деңгейіне түсімдер 2690,8 млн. теңгеге артты. Республикалық бюджетке бөлінетін қаражат жоспары 150,2%-ға (9021,2 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 7800,6 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 117,6% құрайды.
Білім. Көкшетау қаласының білім беру желісін 73 білім мекемелері құрайды, сонын ішінде:
жалпы білім беретін 22 орта мектептер (күндізгі); 2 негізгі жалпы білім беретін мектептер; 1 кешкі жалпы білім беретін мектеп, 1 Қазақ бастауыш мектебі (жеке), 42 мектепке дейінгі ұйымдар (24 мемлекеттік, 12 жеке меншік, шағын орталықтар, 2 ясли). Сонымен қатар, мектептен тыс 4 мекеме (Музыка мектебі, өнер мектебі, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «ЖасКайрат») қызмет жасайды.
Қала мектептерінде оқушылардың саны 22 907 оқушы құрайды, соның ішінде бастауыш сыныптарда – 9 828 оқушы. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейін 6 469 бала қамтылған, бұл 50,6%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 87,5% құрайды.
Оқу процесі екі ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерінің барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желісіне кіру мүкіндігімен қамтамасыз етілген.
Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттік жүйесі 11 мекемеден тұрады: 9 кітапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.
Ағымдағы жыл басынан 938 іс-шаралары өткізілді, оған 283,1 мың адам қатысқан.
Есепті кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңіл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткізілді.
Мәдениет нысандарын қаржыландыру көлемі 113,4 млн.теңгені құрады (есепті кезең жоспарының 99,9% құрайды).
Спорт. Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану үшін қалада 274 спорттық нысан жұмыс істейді, соның ішінде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 6 спорт кешені, оның ішінде 3-інің бассейні бар, 68 спорт залы, 2 жеңіл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 21 ату тирі, 98 аула алаңдары, 17 хоккей кездіктері, 24 орнатылған спорт залдар, 8 спорт мектебі, 1 теннис кездігі, 1 ипподром, 1 бойлинг-орталығы.
Есепті мерзімінде 36 спорттық-бұқаралық шара өткізілді 8,7 мың адам қамтылды.
Спорт мекемелерін қаржыландыру көлемі 26,0 млн.теңгені құрады (есепті кезең жоспарының 99,9% құрады).
Еңбек нарығы және халықты әлеуметтік қорғау. 2017 жылдың 1 мамыр жағдайына Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 185 жұмыссыз тіркелген, немесе 2016 жыл көрсеткішінен 29,4% төмен.
Жұмыссыздық деңгейі 0,1% құрады.
Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкілетті органдардың көмегімен 378 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2016 жылдың көрсеткішінен 23,5% төмен.
Экономиканың әр түрлі салаларында 672 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2017 жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне 35,2% құрады.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 56 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесі негізінен мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі.
Қоғамдық жұмыстарға 125 адам бағытталды.
Денсаулық сақтау (01.05.2016ж. жағдайына). Медициналық мекемелер желісі орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрігерлік амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмекті жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетеді.
Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жылына 24,0 мың литрлік облыстық Қан орталығы, бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс істейді.
2016 жылғы 1 мамыры жағдайына демографиялық үрдіс халық санының 687 адамға өсуімен жағымды сипатталды.
Қылмыс. Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасының деректері бойынша 2017 жылдың қаңтар- сәуірде Көкшетау қаласының аумағында 1498 қылмыс тіркелген, олардың 448 қылмысы әшкереленген.
Бөлім басшысы Шұқатова Г.
ПОШТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: | 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 |
ТЕЛЕФОН: | 87162297841 |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ: | economy_kokshe@mail.kz |