AA

«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың қаңтар айы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2019 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң өндiрiс көлемi 6560,5 млн. теңгенi құрады. Нақты көлем индексi 84,9%-ға тең.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердiң қалыптасуына өңдеу өнеркәсiбi көп әсерiн тигiзедi.

Өнеркiсiп өндiрiсiнiң құрылымында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (53,7%), 2019 жылдың қаңтар айы 3524,3 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Кәсiпкерлiктi дамуы. 2019 жылғы 1 қантар жағдайы бойынша Көкшетау қаласында шағын бизнестiң 19 160 субъектiсi — заңды тұлғалар тiркелген.

Әрекет етушi және жаңа құрылған шағын бизнес кәсiпорындарында сарапталып жатқан кезеңде 23 жаңа жұмыс орны құрылды.

Инвестициялық саласы. 2019 жылдың қаңтар айында негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 5 624,5 млн.теңге деңгейiнде құрылды, сондай-ақ нақты көлем индексi 2,1 есе құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2019 жылдың қаңтар айында 38,4 мың ш. метр тұрғын үйлер пайдалануға берiлген, сонын iшiнде: жеке тұрғын үй құрылысы — 29,5 мың ш. метр, коммерциялық тұрғын үй — 2,4 мың ш. метр, арендалық тұрғын үй — 6,5 мың ш. метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2019 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 2990,0 млн. теңге немесе болжамды жоспарға шаққанда 106,2% салық және жиналымдар түстi. 2018 жылдың деңгейiне түсiмдер 1614,5 млн. теңге азайды. Республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат жоспары 98,6 %-ға (1110,5 млн.теңге) орындалды. Жергiлiктi бюджетке 1879,5 млн. теңге түскен, бұл кезең болжамының 111,3% құрайды.

Бiлiм. Көкшетау қаласының бiлiм беру желiсiн 77 бiлiм мекемелерi құрайды, сонын iшiнде: жалпы бiлiм беретiн 23 орта мектептер (күндiзгi), 2 негiзгi жалпы бiлiм беретiн мектептер, 46 мектепке дейiнгi ұйымдар (25 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк,1 жеке меншiк) 17 жеке меншiк балабақша), «Мейiрiм» балаларды түзету дамыту орталығы және мектептен тыс 5 мекеме (Музыка мектебi, өнер мектебi, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы, «Көкшетау дарыны», еңбекке үйрету оқу кәсiпорны) қызмет жасайды.

Қала мектептерiнде оқушылардың саны 24 833 оқушы құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiн 6 858 бала қамтылған, бұл 57,8%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 98,4% немесе 6668 бала қамтылған құрайды.

Оқу процесi екi және үш ауысымда жүзеге асырылады. Қала мектептерiнiң барлығы компьютерлермен жабдықталған, интернет желiсiне кiру мүкiндiгiмен қамтамасыз етiлген.

Мәдениет. Мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк жүйесi 14 мекемеден тұрады: 12 кiтапхана, «Көкше» МҮ, «Достар» МҮ.

Ағымдағы жыл басынан 251 iс-шаралары өткiзiлдi, оған 75,823 мың адам қатысқан.

Есептi кезеңде театрлық қойылымдар, танымдық-көңiл көтеру бағдарламалары, байқаулары өткiзiлдi.

Спорт. Дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 294 спорттық нысан жұмыс iстейдi, соның iшiнде: «Бурабай» спорт сарайы, 2 стадион («Оқжетпес» және «Айсұлу»), 7 спорт кешенi, 3 бассейн, 78 спорт залы, 2 жеңiл атлетикалық манеж, 1 шаңғы базасы, 18 ату тирi, 128 аула алаңдары, 17 хоккей корты, 29 орнатылған спорт залдар, 7 теннис кездiгi, 1 ипподром.

Есептi мерзiмiнде 13 спорттық-бұқаралық шара өткiзiлдi 2,7 мың адам қамтылды.

Еңбек нарығы және халықты әлеуметтiк қорғау. 2019 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 144 жұмыссыз тiркелген, немесе 2018 жыл көрсеткiшiнен 28,6% жоғар.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту сұрақтары бойынша өкiлеттi органдардың көмегiмен 117 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл 2018 жылдың көрсеткiшiнен 1,2 рет жоғары.

2019 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша деректер базасында 337 кәсiпорындарда мен мекемелерде 136 бос орындар тiркелген.

Экономиканың әр түрлi салаларында 122 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл 2019 жылдың жоспарлы көрсеткiштерiне 6,4% құрады.

«Жастар тәжiрибесi» бағдарламасы аясында 16 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 46 адам бағытталды.

Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер желiсi орталық қалалық емхананы, балалар емханасын, үш отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияны, әйелдер консультациясын, Көкшетау қалалық ауруханасын, Красный Яр с. №2 қалалық аурухананы қамтиды. Жедел медициналық көмектi жедел медициналық жәрдем станциясы көрсетедi.

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн жылына 24,0 мың литрлiк облыстық Қан орталығы, бiр ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана жұмыс iстейдi.

2019 жылғы 1 қантар жағдайына демографиялық үрдiс халық санының 1890 адамға өсуiмен жағымды сипатталды.

Қылмыс. Көкшетау қаласының Iшкi iстер басқармасының деректерi бойынша 2019 жылдың қаңтар айында Көкшетау қаласының аумағында 423 қылмыс тiркелген, олардың 103 қылмысы әшкереленген.

Бөлiм басшысы                                                                         Шұқатова Г.

Мақаланы құрған күні 15.03.2019 10:32
Мақаланы жаңартқан күні 15.03.2019 10:32
Қаралым саны: 4516
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі