«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2021 жылдың қаңтар-тамыз бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтiк –экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. Өнеркәсiп секторында 2021 жылғы қаңтар-тамыз бойынша өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 145 694,9 млн.теңгенi құрады, нақты көлем индексi 203,8%.

Жалпы өнеркәсiп бойынша нәтижелердi қалыптастыруға өңдеу өнеркәсiбi барынша әсер етедi.

Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (84,4%) 2021 жылдың қаңтар- тамызында 122 980,9 млн. теңге сомасына өнiм өндiрiлдi.

Ауыл шаруашылығы. 2021 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 2 448,9 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 107,3 % құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. 2021 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша

жұмыс iстеп тұрған шағын орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 16 699 бiрлiктi құрады, бұл өткен жылғы көрсеткiштен 9,4%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған кәсiпорындарында жыл басынан берi 773 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткiзу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемi 107 439,9 млн.теңгенi немесе өткен жылдың көрсеткiшiне 100,1% құрады.

Инвестициялық сала. 2021 жылдың қаңтар-тамызда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 38 392,4 млн. теңге деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексi 80,6%-ы құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар-тамызда 142,444 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: ЖТҚ — 56,135 мың шаршы метр, мемлекеттiк тұрғын үй- 14,836 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 71,473 мың шаршы метр.

Мемлекеттiк бюджет. 2021 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерге 42705,4 млн.теңге көлемiнде салықтар мен алымдар түстi немесе жоспар-болжамға 105,4%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсiмдер 8097,5 млн. теңгеге көбейдi. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 102,6%-ға орындалды (17231,3 млн.теңге). Жергiлiктi бюджетке 25474,1 млн. теңге түстi, бұл кезең болжамының 107,4%-ын құрайды.

Бiлiм. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсi Көкшетауда 78 бiлiм беру ұйымы бар, оның iшiнде: 24 жалпы орта бiлiм беру мектебi (күндiзгi), 1 негiзгi жалпы бiлiм беру мектебi, 48 мектепке дейiнгi ұйым (27 мемлекеттiк балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттiк және 1 жеке), 17 жеке меншiк балабақша), "Мейiрiм" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша бiлiм беру мекемесi ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебi" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебi" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсiпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейiнгi тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 7 487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейiн — 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледi.).

Бiлiм беру процессi екi ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептерi компьютерлендiрiлген, Интернет желiсiне қол жеткiзе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттiк желiсi 15 мекемеден тұрады, оның iшiнде: 12 кiтапхана, 1 тiлдердi оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлiмнiң жұмыс жоспарына сәйкес 2 212 iс-шара өткiзiлiп, оған 1 126,0 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткiзiлдi.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн қалада 315 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның iшiнде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешенi, 5 жүзу бассейнi, 18 ату тирi, 1 шаңғы базасы, 2 жеңiл атлетика манежi, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есептi кезеңде жалпы 23 981 адамды қамтитын 63 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.

Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау. 2021 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң тiркеу есебiнде 702 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткiштен 11,8% төмен.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның көмегiмен 1 662 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 23% төмен.

2021 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсiпорындары мен мекемелерi бойынша 683 бос жұмыс орны тiркелген. Еңбек нарығындағы шиеленiс коэффициентi 1,0 құрады.

Экономиканың түрлi салаларында 2 000 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткiштiң 79,1% -ын құрайды.

"Жастар тәжiрибесi" бағдарламасы аясында 100 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негiзiнен мемлекеттiк мекемелерде ұйымдастырылады.

Есептi кезеңде әлеуметтiк жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшiн ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткiшiнен 14,6% жоғары.

Қоғамдық жұмыстарға 287 адам жiберiлдi, бұл 2020 жылғы деңгейден 13,8% төмен.

Қылмыс. 2020 жылдың қаңтар-тамызда Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде барлығы 1 804 қылмыс тiркелдi, оның iшiнде 467 қылмыс ашылды. Сотқа — 248 iс жолданды.

Мақаланы құрған күні 22.09.2021 10:06
Мақаланы жаңартқан күні 22.09.2021 10:06
Қаралым саны: 1732
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі