A- A A+
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2021 жылдың қаңтар айы бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

           Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2021 жылғы қаңтар айы бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 19 271,0 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 199,0%.

           Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

           Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (81,3%) 2021 жылдың қаңтар айында 15 673,6 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.

         Кәсіпкерлікті дамыту. 2021 жылдың 1 ақпаны жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылдың кезеңіне 921 бірлікке артып, 15 992 құрады.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 19 жаңа жұмыс орны құрылды.

Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 10 896,9 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 89,7% құрады.

         Инвестициялық сала. 2021 жылдың қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 187,9 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексі 64,7% - ы құрады.

         Тұрғын үй құрылысы. 2021 жылғы қаңтар айында 12, 525 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ЖТҚ — 40, 0 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 12, 485 мың шаршы метр.

         Мемлекеттік бюджет. 2021 жылғы 1 ақпаны жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 2906,9 млн.теңге көлемінде салықтар мен алымдар түсті немесе жоспар-болжамға 139,6%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 839,4 млн. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 113,2%-ға орындалды (441,1 млн.теңге). Жергілікті бюджетке 2465,8 млн. теңге түсті, бұл кезең болжамының 145,8% - ын құрайды.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 48 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы.

         Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 26 446 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

         Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

         Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

         Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 243   іс-шара өткізіліп, оған 75,223 мың адам қатысты.

         Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

         Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 84 адамды қамтитын 1 спорттық-бұқаралық      іс-шара өткізілді.

           Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2021 жылғы 1 ақпаны жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 415 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 2,4 рет жоғары.

         Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 134 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1,6 рет жоғары.

           2021 жылғы 1 ақпаны жағдайы бойынша деректер базасында қаланың 122 кәсіпорны мен мекемелерінен 964 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 0,4 құрады.

           Экономиканың түрлі салаларында 51 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткіштің 2% - ын құрайды.

            "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 20 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

             Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындары 11 жұмыссыз үшін ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткішінен 21,4%-ға төмен.

             Қоғамдық жұмыстарға 20 адам жіберілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 17,6% жоғары.

             Қылмыс. 2020 жылдың қаңтарында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 262 қылмыс тіркелді, оның ішінде 45 қылмыс ашылды. Сотқа – 17 іс жолданды.

 

Бөлім басшысы                                                                         Г. Шұқатова

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2021 16:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.03.2021 16:54
Қаралым саны: 3491

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»