«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тiркелдi.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Өңiрлiк саясат және жергiлiктi өзiн өзi басқаруды дамыту департаментi (С.Тұңғышбеков):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрi Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 72 бұйрығымен бекiтiлген
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi — Заң) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға (бұдан әрi — мамандар) бюджет қаражаты есебiнен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетiлген мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсетiледi.
3. Бюджеттiк кредиттер облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына мынадай талаптарда:
ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандардың тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға кейiннен теңгемен 15 (он бес) жылға дейiнгi мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы мөлшерлемесi бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;
кредиттердi игеру кезеңi кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 22 (жиырма екi) айды құрайды.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы шешiм қабылдайды.
4-1. Мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит беру тиiстi қаржы жылына арналған мiндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сома шегiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
5. Мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшiн аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын, тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi — комиссия) құрады.
Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және құрамына кiретiн мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, жиналыс заңды болып саналады.
6. Ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) уәкiлеттi орган комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрi — Әкiмшi).
7. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.
Бюджеттiк заңнамаға сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтерiне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат жалпы сипаттағы трансферттер және/немесе жергiлiктi бюджет шеңберiнде көзделедi.
8. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман әкiмшiге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көшi-қон қызметiнен алдыңғы тiркелген жерi туралы мәлiметтер;
тиiстi елдi мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;
2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредит алған кезде;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
сатып алынатын жылжымайтын мүлiктi бағалау актiсi;
көшi-қон қызметiнен алдыңғы тiркелген жерi туралы мәлiметтер;
тиiстi елдi мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлiк көшiрмесi (некеде тұрған мамандар үшiн);
аталған ауылдық елдi мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкiнiң болмауы (болуы) туралы анықтама;
3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттiк кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көшi-қон қызметiнен алдыңғы тiркелген жерi туралы мәлiметтер;
тиiстi елдi мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куәлiк көшiрмесi (некеде тұрған мамандар үшiн);
аталған ауылдық елдi мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкiнiң болмауы (болуы) туралы анықтама;
маманның атына тұрғын үй салу үшiн берiлген жер учаскесiн пайдалану құқығына акт;
кепiлге қойылған мүлiктi бағалау актiсi;
кепiлге қойылған мүлiктi сақтандыру шарты;
берiлетiн кредит мөлшерiнен асатын тұрғын үй құрылысы бөлiгiн бiрлесiп қаржыландыруға жазбаша келiсiм.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа да құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 15.09.2015 № 637 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
8-1. Маман немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн жүгiнген кезде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды қабылдау, сондай-ақ баламалы негiзде әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету (бас тарту) туралы хабарламаны алу "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" комерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
9. Әкiмшi әлеуметтiк қолдау шараларын алуға үмiткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi, қаржы қаражатының қажеттiлiгiн есептеудi жүргiзедi және құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде комиссияға жiбередi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
10. Комиссия Әкiмшiден құжаттар келiп түскен күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiне маманға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.
Әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуден бас тартылған жағдайда, Әкiмшi комиссияның ұсынысы түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
маманға (егер маман құжаттарды Әкiмшiге тапсырса);
Мемлекеттiк корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттiк корпорация арқылы тапсырса) әлеуметтiк қолдау шараларын беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап жолдайды.
Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Әкiмшi немесе Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрi — Қолхат) бередi.
Қолхат Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан екi данада жасалады.
Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректердi (мәлiметтердi) дұрыс және (немесе) толық ұсынбаған, сонымен қатар маман Заңның 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Әкiмшi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
10-1. Мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету үшiн бюджет қаражаты жетiспеген жағдайда, Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiне әлеуметтiк қолдау шараларын алушы үмiткерлердiң қатарынан мамандардың өтiнiш берген күнi бойынша кезектiлiктi қалыптастыру жолымен әлеуметтiк қолдау шараларын берудi тоқтатуға ұсыным жасайды.
Әлеуметтiк қолдау шараларын алуға кезекте тұрған мамандардың құжаттарын қайта қарау мерзiмiн Әкiмшi белгiлейдi және ол бiр жылдан артық болмайды.
Әкiмшi әлеуметтiк қолдау шараларын беру мерзiмiн тоқтату туралы хабарламаны:
маманға (егер маман құжаттарды Әкiмшiге тапсырса);
Мемлекеттiк корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттiк корпорация арқылы тапсырса) жолдайды.
Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
11. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi комиссияның ұсынымы келiп түскен сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету және/немесе мамандарды әлеуметтiк қолдау шараларын алуға есепке және кезеккке қою туралы қаулы қабылдайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетiлген қаулы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Әкiмшi, маман және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келiсiм (бұдан әрi — Келiсiм) жасалады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
13. Келiсiм жасалғаннан кейiн:
1) Әкiмшi бес жұмыс күнi iшiнде көтерме жәрдемақы сомасын мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;
2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) жиырма бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит бередi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
14. Маманның кредит бойынша мiндеттемелердi орындауы:
1) ол сатып алған тұрғын үйдi кепiлге қоюмен;
2) салынған тұрғын үйдi кейiннен кепiлге қоюмен өзге жылжымайтын өтiмдi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
15. Тұрғын үйдi сатып алу және салу үшiн бюджеттiк кредиттердi беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттiк шартта белгiленедi.
16. Қайталама нарықта тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты немесе салынған тұрғын үйдi пайдалануға беру актiсi тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттiк кредит сомасын мақсатты пайдалануды растау болып табылады.
17. Бөлiнген бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй салу үшiн бюджеттiк кредит беруге маман әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы өтiнiшпен және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың толық тiзбесiмен Әкiмшiге жүгiнедi.
19. Маманның тұрғын үй салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы өтiнiшiн қарау тәртiбi осы Қағидалардың 9- 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi комиссиядан ұсыным келiп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде маманға мынадай шарттарды ескере отырып, тұрғын үйлердiң үлгiлiк жобаларының нұсқаларын ұсынады:
1) тұрғын үйдiң бiр шаршы метрiнiң құны қырық алты айлық есептiк көрсеткiштен аспайды;
2) тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берiлетiн кредиттiң екi еселiк мөлшерiнен аспауға тиiс;
3) тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзiмi кредит берген сәттен бастап он екi айдан аспауға тиiс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
21. Маман үлгiлiк жобалардың ұсынылған нұсқаларымен жазбаша түрде келiскен жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi келiсiм алған сәттен бастап төрт жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй салуға бюджеттiк кредит беру туралы қаулы қабылдайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген қаулы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Әкiмшi, маман және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арасында Келiсiм жасалады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.12.2017 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
23. Тұрғын үй салу үшiн бюджеттiк кредит беру осы Қағидалардың 13- 15-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Сома банктiк шотқа аударылғаннан кейiн маман кемiнде он жұмыс күнiнен бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органдарға тұрғын үй құрылысының басталғаны туралы хабарлайды.
25. Құрылыс аяқталғаннан кейiн маман Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйдi пайдалануға берудi жүзеге асырады.
26. Маман салған тұрғын үй пайдалануға берiлгеннен және оны ғимараттарды, құрылыстар мен (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексерудi жүзеге асыратын ұйымға тiркелгеннен кейiн тараптардың келiсiмi бойынша салынған тұрғын үйге бұрын берiлген кепiлдi ауыстыру мүмкiн.
ПОШТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЫ: | 020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 |
ТЕЛЕФОН: | 87162297841 |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АДРЕСІ: | economy_kokshe@mail.kz |