«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

Мемлекеттiк қызмет көрсету: Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну.

Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылдың 12 маусымындағы № С-39/2 «Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылдың 24 желтоқсанындағы № С-32/2 «2015-2017 жылдарға қалалық бюджет туралы» шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы» шешiмi негiзiнде Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру үшiн өкiлеттi орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8, 9 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес 2017 жылда әлеуметтiк қолдау шаралары жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең немесе 158830 (жүз елу сегiз мың сегiз жүз отыз) теңге сомада көтерме жәрдемақы түрiнде жалпы сомасы 9688630 (тоғыз миллион алты жүз сексен сегiз мың алты жүз отыз) теңге 61 маманға және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау шаралары бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын немесе 3403500 (үш миллион төрт жүз үш мың бес жүз) теңге сомада бюджеттiк кредит түрiнде жалпы сомасы 54456000 (елу төрт миллион төрт жүз елу алты мың) теңге 16 маманға қаражат қарастырылған.

2017 жылда осы мемлекеттiк сатып алу бойынша дәлелдейтiн құжаттармен 87 арыз түстi, олар заңнамаға сәйкестiгiне тексерiлдi. Өткiзiлген 8 комиссия отырысының ұсынымы бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын көтерме жәрдемақы түрiнде 57 маман және тұрғын үй сатып алу үшiн бюджеттiк кредит түрiнде 16 маман алды.

Халықты ақпараттандыру мақсатында, 2017 жылдың 25 шiлдесiндегi № 57 «Степной Маяк» және 2017 жылдың 27 шiлдесiндегi № 58 «Көкшетау» газеттерiнде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберiнде көтерме жәрдемақы түрiнде және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк несие түрiнде әлеуметтiк қолдау шаралары ұсыну туралы Бөлiмнiң мақалалары жарияланған.

Ауылдық елдi мекендердiң мамандарына әлеуметтiк қолдау шаралары туралы консультация күн сайын өткiзiледi.

Мақаланы құрған күні 19.01.2018 18:22
Мақаланы жаңартқан күні 19.01.2018 18:22
Қаралым саны: 4529
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі