AA

«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2023 жылғы қаңтар-қыркүйегінде өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 232 760,5 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 109,8%.

Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (80,3%) 2023 жылғы қаңтар- қыркүйегінде 186 948,6 млн.теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6 422,9 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 89,5% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2023 жылғы 1 қазаны жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20 562 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11,2%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 1 126 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сатудың барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 183 079,7 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 104,0% құрады.

Инвестициялық сала. 2023 жылғы қаңтар- қыркүйегінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 97 160,5 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 129,9% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2023 жылғы қаңтар- қыркүйегінде 200 871 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй -198,344 мың шаршы метр, мемлекеттік тұрғын үй – 2,527 мың шаршы метр, ЖТҚ - 15,400 мың шаршы метр.

Мемлекеттік бюджет. 2023 жылғы 1 қазаны жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 78 230,4 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 95,9% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2022 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 17 914,7 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 78,8%-ға (27 673,5 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 50 556,9 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 108,7% құрайды. Көкшетау қаласының бюджетіне түсетін кірістер көлемі 34 618,0 млн.теңгені (112,8%) құрады.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 25 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 3 шағын орталық (2 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша).

Сондай-ақ 5 қосымша ("Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы, "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК, "Балалар көркемсурет мектебі" МКҚК, техникалық шығармашылық орталығы) білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 30 732 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 750 бала қамтылған, бұл 69,9%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 913 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 2 046 іс-шара өткізіліп, оған 591,7 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 328 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 153 жазық құрылыс, 16 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 7 897 адамды қамтитын 79 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2023 жылдың 1 қазаны бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1 023 жұмыссыз тұр, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,2%-ға төмен.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1 849 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 5,8%-ға төмен.

2023 жылғы 1 қазаны бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 374 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 2,7 құрады.

Экономиканың түрлі салаларында 4 657 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2023 жылға жоспарланған көрсеткіштің 78,8%-ын құрайды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 57 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

Есепті кезеңде 37 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 82,2% - ды құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға 200 адам жіберілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 10,8% төмен, «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша - 31 адам, бұл 2022 жылғы деңгейден 3,1 есе жоғары, «Күміс жас» жобасы бойынша - 15 адам, бұл 2022 жылғы деңгейден 2,1 есе жоғары, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша - 3 адам (2022 ж. – 0).

Қылмыс. 2023 жылғы қаңтар-қазанында Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1336 қылмыс тіркелді, оның ішінде 553 қылмыс ашылды. Сотқа – 277 іс жолданды.

«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ
басшысы З. Бекенова

Мақаланы құрған күні 24.10.2023
Қаралым саны: 535
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі