«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өнеркәсiп. Өнеркәсіп секторында 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 151 063,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 110,4%.

Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (78,2%) 2023 жылғы қаңтар- маусымда 118 123,4 млн.теңге сомасына өнім өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар- маусымда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 635,5 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 111,5% құрады.

Кәсіпкерлікті дамыту. 2023 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20 439 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13,9%-ға жоғары.

Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 769 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сатудың барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 99 391,1 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 103,5% құрады.

Инвестициялық сала. 2023 жылғы қаңтар- маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 78 554,0 млн. теңге құрады, нақты көлем индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 135,6% құрады.

Тұрғын үй құрылысы. 2023 жылғы қаңтар-маусымда 126,718 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: коммерциялық тұрғын үй -124,191 мың шаршы метр, мемлекеттік тұрғын үй – 2,527 мың шаршы метр, ЖТҚ - 10,379 мың шаршы метр.

Мемлекеттік бюджет. 2023 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 51 392,2 млн.теңге немесе жоспар-болжамға 102,7% көлемінде салықтар мен алымдар түсті. 2022 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 11 970,8 млн.теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 83,8%-ға (17 206,6 млн.теңге) орындалды. Жергілікті бюджетке 34 185,6 млн.теңге түсті, бұл кезең болжамының 115,8% құрайды. Көкшетау қаласының бюджетіне түсетін кірістер көлемі 23 123,8 млн.теңгені (123,3%) құрады.

Білім. Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 77 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 47 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 3 шағын орталық (2 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша).

Сондай-ақ 5 қосымша ("Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы, "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК, "Балалар көркемсурет мектебі" МКҚК, техникалық шығармашылық орталығы) білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 28 219 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 750 бала қамтылған, бұл 69,9%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6 913 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.).

Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, Интернет желісіне қол жеткізе алады.

Мәдениет. Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ.

Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 154 іс-шара өткізіліп, оған 494,7 мың адам қатысты.

Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.

Спорт. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 328 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 153 жазық құрылыс, 16 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы.

Есепті кезеңде жалпы 5 986 адамды қамтитын 55 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2023 жылдың 1 шілдесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 1 223 жұмыссыз тұр, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 47%-ға жоғары.

Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1 051 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 9%-5а жоғары.

2023 жылғы 1 шілдесі бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 469 бос жұмыс орны тіркелген. Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 2,6 құрады.

Экономиканың түрлі салаларында 2 590 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2023 жылға жоспарланған көрсеткіштің 43,8%-ын құрайды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 20 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.

Есепті кезеңде 37 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, бұл 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 82,2%-ды құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға 128 адам жіберілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 30,1% төмен.

Қылмыс. 2023 жылғы қаңтар-маусымда Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 836 қылмыс тіркелді, оның ішінде 369 қылмыс ашылды. Сотқа – 174 іс жолданды.

«Көкшетау қаласының
экономика және қаржы бөлімі»
ММ басшысы З. Бекенова

Мақаланы құрған күні 25.07.2023
Қаралым саны: 1813
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі