«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 165-VI Заңымен кейбiр НҚА өзгерiстер енгiзiлдi.

Осылайша, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;».

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен «Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № С-26/3 «2019 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсету туралы» шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы» шешiмiнiң жобасын әзiрледi.

Осы шешiмнiң жобасы қазақ және орыс тiлдерiнде «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетiмдi. Қолданушылар 2019 жылдың 02 шiлдесiнен бастап 2019 жылдың 16 шiлдесiне дейiн шешiм жобасымен танысып және өз пiкiрлерiн https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2378476 сiлтемесi бойынша «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» бөлiмiнде қалдыра алады.

Мақаланы құрған күні 02.07.2019
Қаралым саны: 5464
© 2024. «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі